Меню

Страницы

Статья

Қазақ - Түрік қатынастары туралы

Жалпы мағлұмат

1991 жылғы 16 желтоқсанда Түркия Қазақстанның тәуелсіздігін ең алғашқы ел болып таныды.

1992 жылдың 2 наурызында екі ел арасында дипломатиялық қатынастар орнатылды.

2022 жылғы 15 наурыздан бастап Еркебұлан Сәпиев ҚР-ның Түркиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін атқарады.

2020 жылғы 13 қаңтардан бастап Уфук Екиджи Түркияның Қазақстандағы Елшісі қызметін атқарады.

 

Саяси ынтымақтастық

Егемен еліміздің шетелдегі алғашқы дипломатиялық өкілдігі - Қазақстан Республикасының Түркиядағы Елшілігі 1992 жылы қазанда ҚР Тұңғыш Президенті Президенті – Елбасы Н.Назарбаевтың Түркияға алғашқы ресми сапары кезінде ашылды.

Қазақстанның Ыстанбұлда және Анталияда Бас консулдығы, сондай-ақ Денизли, Алания, Бурса, Битлис, Хатай, Кония және Мерсин қалаларында 7 Құрметті консулдары жұмыс істейді.

Түркияның Алматыда және Ақтауда Бас консулдықтары, Шымкентте Құрметті консулдығы қызмет атқарады. Қазіргі уақытта, ТР-дың Түркістан қаласында Бас консулдығын ашу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

 

Ең жоғары деңгейдегі кездесулер:

Тәуелсіздікке қол жеткізген сәттен бастап, ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Назарбаев Түркияға 24 рет мемлекеттік, ресми және жұмыс сапарларымен барды. Түркия президенттері Қазақстанға сапармен 16 рет, ал ТР Премьер-министрлері 6 рет келді.

ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Н.Назарбаевтың 2009 жылы 21-23 қазанда Түркияға жасаған ресми сапары барысында Стратегиялық әріптестік туралы келісімге қол қойылды.

2012 жылы 22-24 мамырда Түркия Премьер-Министрі Р.Т.Ердоғанның Қазақстанға ресми сапары шеңберінде Жоғары деңгейлі стратегиялық ынтымақтастық кеңесін құру туралы Бірлескен мәлімдемеге және «Жаңа синергия» ортақ экономикалық бағдарламасына қол қойылды.

2012 жылы 11-12 қазанда Елбасының Түркия Республикасына ресми сапары барысында ҚР мен ТР арасындағы Жоғары деңгейлі стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің 1-ші отырысы өткізілді. Түркия Президенті                   Р.Т.Ердоғанның 2015 жылы сәуірде Қазақстанға жасаған ресми сапары шеңберінде Жоғары деңгейлі стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің 2-ші отырысы өтті.

2018 жылы 9 шілдеде ҚР Премьер-Министрі Б.Сағынтаев Түркияның жаңадан сайланған Президенті Р.Т.Ердоғанның инаугурациясына қатысты.

2018 жылы 12-13 қыркүйекте ҚР Президенті Н.Назарбаев Түркияға ресми сапары барысында Жоғары деңгейлі стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің 3-ші отырысына қатысты.

2021 жылы 12 қарашада Ыстанбұлда өткен Түркі кеңесінің 8-ші Саммитіне қатысу үшін ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтың Түркияға жұмыс сапары өтті.

2022 жылы 10-11 мамырда  ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтың Түркияға мемлекеттік сапары өтті. Сапардың қорытындысы бойынша екі ел арасындағы «Кеңейтілген стратегиялық серіктестік туралы бірлескен мәлімдемеге», сондай-ақ, 6  үкіметаралық және 8 ведомствааралық құжаттарға қол қойылды.

2022 жылы 12-13 қазанда  ТР Президенті Р.Ердоғанның Қазақтанға мемлекеттің сапары мен Жоғары деңгейлі стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің 4-ші отырысы өтіп, 6 ведомствоаралық құжаттарға қол қойылды. Сапар аясында, ТР Президенті 6-шы АӨСШК Саммитіне қатысты.

 

Парламентаралық ынтымақтастық

2018 жылы 20-21 қарашада ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы Н.Нығматуллин Измирде ұйымдастырылған ТүркПА-ның 8-ші пленарлық отырысына қатысты.

2019 жылы 24 қыркүйекте Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің төрағасы Мұстафа Шентоп Нұр-Сұлтанда өткен «Үлкен Еуразия: Диалог. Сенім. Серіктестік» атты Еуразия Парламенттері Төрағаларының 4-ші кездесуіне қатысты.

2021 жылы 26-27 қыркүйекте ТҰҰМ Төрағасы М.Шентоп бастаған делегацияның Қазақстанға ресми сапары өтіп, Түркістан қаласында өткен ТүркПА-ның 10-шы пленарлық отырысына қатысты.

2022 жылы 29 қыркүйек – 2 қазан аралығында Түркияның Изник елді-мекенінде 4-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына ҚР Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Е.Қошанов бастаған делегация қатысты. Іс-шара аясында ҚР Парламенті Мәжілісінің Төрағасының Түркия Президенті Р.Ердоғанмен кездесуі өтті.

 

Сыртқы саяси мекемелер арасындағы ынтымақтастық

2018 жылы 19-20 сәуірде ҚР Сыртқы істер министрі Қ.Әбдірахманов Түркияға ресми сапармен барды.

2019 жылы 24 мамырда ТР Сыртқы істер министрі М.Чавушоғлудың Қазақстанға сапары өтті.

2021 жылы 17-18 наурызда ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрі М.Тілеубердінің Түркияға ресми сапары өтті. Сапар барысында Қазақстан-Түркия бірлескен стратегиялық жоспарлау тобының 6-шы отырысы болды.

2021 жылы 17-20 маусымда ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрі М.Тілеуберді «Анталия Дипломатия Форумына» қатысу мақсатында Түркияға сапармен барды.

2021 жылы 26-27 қыркүйекте Министр М.Тілеуберді Ыстанбұл қаласында өткен Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесі Сыртқы істер министрлері кеңесінің Ауғанстандағы ахуал бойынша кезектен тыс отырысына қатысты.

2021 жылы 11-12 қазанда Астанада АӨСШК сыртқы істер министрлерінің 6-шы кездесуіне Түркия Сыртқы істер министрінің орынбасары С.Өнал қатысты. 

2021 жылы 11 қарашада Ыстанбұлда өткен Түркі кеңесі Сыртқы істер министрлер кеңесінің отырысына  ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрі М.Тілеуберді қатысты.

2022 жылы 24 ақпанда Түркия Сыртқы істер министрі М.Чавушоғлудың Қазақстанға сапары мен Қазақстан-Түркия Бірлескен стратегиялық жоспарлау тобының 7-ші отырысы өтті.

Дата публикации
01 апреля 2020
Дата обновления
01 апреля 2020
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

10 июня 2025
Шетелде неке қиюды мемлекеттік тіркеу
10 июня 2025
Шетелде баланың тууын мемлекеттік тіркеу
10 июня 2025
Шетелде некені бұзуды мемлекеттік тіркеу

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары