Меню

Страницы

Статья

Туу туралы куәлік

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТУУ ТУРАЛЫ КУӘЛІГІН БЕРУ

 

Түркияда тұратын Қазақстан Республикасының азаматтарында бала туған жағдайда, балаға ҚР туу туралы куәлігі ресімделеді. Ол үшін баланың тууынан кейін 2 ай ішінде егер баланың ата-анасының екеуі де ҚР азаматы болса, кем дегенде біреуі, ал егер баланың ата-анасының тек біреуі ғана (жеке) ҚР азаматы болса, онда сол ата-анасы өзіне жақын орналасқан ҚР-ның ТР-дағы консулдық мекемесіне келіп, төмендегі құжаттарды тапсыруы қажет:

1. нысан бойынша өтініш (құжаттарды қабылдау кезінде маман береді);
2. ата-аналардың жеке басын куәландыратын құжаттар не ата-аналардың немесе нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша өкілдің цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (салыстыру үшін 2 дана көшірмесі және түпнұсқасы);
3. көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген жағдайда нотариалды куәландырылған сенімхат;
4. егер баланың ата-анасының бірі шет мемлекеттің азаматы болса, қазақстандық үлгідегі куәлікті алуға нотариалды куәландырылған келісім;
5. егер ата-аналардың бірі шет мемлекеттің азаматы болса, құжаттың мемлекеттік немесе орыс тіліне нотариалды куәландырылған аудармасы;
6. ата-аналардың неке қию (ерлі-зайыптылық) туралы куәлігі (2 дана салыстыру үшін көшірмесі және түпнұсқасы);
7. туу туралы медициналық куәлік немесе баланың туу фактісін анықтау туралы сот шешімі не баланың туу туралы куәлігінің түпнұсқасы (салыстыру үшін) не баланың туу туралы акт жазбасының көшірмесі;
8. консулдық алымның төленгенін растайтын құжаттың түпнұсқасы 25 АҚШ долл. (төлем маман төлем тапсырмасын бергеннен кейін жүзеге асырылады).

Баланың тууын тіркеу мерзімі бұзылған жағдайда ата-аналардың еркін түрде жазылған жазбаша түсініктемесі қосымша ұсынылады.

Әке болуды анықтаумен байланысты туу туралы акт жазбасына өзгерістер, толықтырулар енгізу қажет болған жағдайда:

1. әке болуды анықтауға байланысты тууды мемлекеттік тіркеу туралы актілік жазбаға өзгерістер, толықтырулар енгізу туралы өтініш;

2. консулдық алымның төленгенін растайтын құжаттың түпнұсқасы- 25 АҚШ долл.

Баланың тууын тіркеу - 5 (бес) жұмыс күні жүргізіледі. Тууды тіркеу туралы өтініш бала туылған сәттен бастап 2 (екі) ай ішінде (қайтыс болған бала туған жағдайда – босанған сәттен бастап бес тәуліктен кешіктірілмей) берілуі тиіс.

Шет мемлекеттің құзыретті мекемесі не оған арнайы уәкілетті тұлға өз құзыреті шегінде және белгіленген нысан бойынша берген немесе куәландырған шет мемлекеттің елтаңбалы мөрімен бекітілген құжаттар арнайы куәлік (заңдастыру немесе апостильдеу) рәсімінен өткеннен кейін ғана қабылданады (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің 1993 жылғы
31 наурыздағы қаулысымен ратификацияланған, 1993 жылғы 22 қаңтарда Минск қаласында жасалған Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек пен құқықтық қатынастар туралы конвенцияға және Қазақстан Республикасының Заңымен ратификацияланған, 2002 жылғы 7 қазанда Кишинев қаласында жасалған Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек пен құқықтық қатынастар туралы конвенцияға қатысушы елдер үшін талап етілмейді).

Қазақстан Республикасынан тыс тиісті шет мемлекеттің тілінде берілген құжаттар мемлекеттік немесе орыс тіліне аударылуға жатады.

Дата публикации
25 января 2021
Дата обновления
25 января 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

10 июня 2025
Шетелде неке қиюды мемлекеттік тіркеу
10 июня 2025
Шетелде баланың тууын мемлекеттік тіркеу
10 июня 2025
Шетелде некені бұзуды мемлекеттік тіркеу

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары