Меню

Страницы

Статья

Құжаттарды талап ету

Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Қағидаларда қамтылғаннан өзгеше тәртіп белгіленсе, онда сол халықаралық шартта белгіленген тәртіп қолданылады.

      4. Қазақстан Республикасынан мынадай құжаттардың:

      1) әскери билеттердің (шақыру учаскелеріне тіркеу туралы куәліктердің);

      2) қызметтік куәліктердің;

      3) неке қию туралы куәліктердің, егер неке бұзылған болса;

      4) қайтыс болған адамдардың туу туралы куәліктерінің түпнұсқалары мен көшірмелері талап етуге жатпайды.

      5. Қайтыс болуы туралы куәліктер қайтыс болғандардың туыстары, шет мемлекеттердің мемлекеттік органдары және ұйымдары ресми мақсаттарда (мұрагерлік іс ашу және басқа да әлеуметтік-құқықтық сипатқа ие мақсаттарда) талап етуі мүмкін.

      6. Кәмелетке толмағандардың, сондай-ақ сотпен әрекетке қабілетсіз деп танылған адамдардың талап ету жөніндегі өтініштерін олардың заңды өкілдері (ата-аналары, қамқоршылары, қорғаншылары) береді.

Қазақстан Республикасынан құжаттарды талап ету тәртібі

      8. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен ұйымдарынан құжаттарды талап ету туралы сұрау салуды жолдау үшін Қазақстан Республикасының азаматтары, шетелдік азаматтар мен азаматтығы жоқ тұлғалар келесі құжаттарды тапсырады:

1) еркін нысандағы өтініш;

2) осы Қағидалардың қосымшасындағы нысан бойынша талап ету жөніндегі 3 дана сауалнама;

3) өтініш берушінің, заңды өкілдің немесе сенімді тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

4) құжаты талап етіліп отырған тұлғамен өтініш берушінің туыстық қатынасын дәлелдейтін құжаттың көшірмесі (қажет болған жағдайда);

5) заңды өкілдің немесе сенімді тұлғаның өкілеттігін растайтын құжаттың түпнұсқасын (құжатты талап етуге өкілеттігі бар тұлға болған жағдайда);

6) өтініш берушінің немесе заңды өкілдің, сенімді тұлғаның дербес деректерді жинауға, өңдеуге келісімін;

7) талап етілетін құжаттың көшірмесін (бар болған жағдайда);

8) консулдық алым 30 АҚШ доллары төленгенін дәлелдейтін құжаттың түпнұсқасы.

* Қазақстан Республикасынан құжаттарды талап ету мерзімі 3 ай немесе одан узақ уақытты алады.

Дата публикации
25 января 2021
Дата обновления
25 января 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

10 июня 2025
Қазақстан Республикасының азаматтығына жататындығын айқындау
10 июня 2025
Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығу
10 июня 2025
Шетелде баланың тууын мемлекеттік тіркеу

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары