Меню

Страницы

Статья

Азаматтық хал актiлерiн тiркеу

Қазақстан Республикасының шет елдерде мекемелерінің: «Шетелде баланың тууын мемлекеттік тіркеу», «Шетелде неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеу», «Шетелде некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеу», «Шетелде қайтыс болуды мемлекеттік тіркеу», «Шетелде азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайталама куәліктер мен анықтамалар беру» мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі Шетелде азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу саласында мемлекеттік қызметтер көрсету, сондай-ақ азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайталама куәліктер мен анықтамалар беру қағидаларында айқындалады (Қағидаларды жүктеу)


Шет мемлекеттің құзыретті мекемесі не оған арнайы уәкілетті тұлға өз құзыреті шегінде және белгіленген нысан бойынша берген немесе куәландырған шет мемлекеттің елтаңбалы мөрімен бекітілген құжаттар арнайы куәлік (заңдастыру немесе апостильдеу) рәсімінен өткеннен кейін ғана қабылданады (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің 1993 жылғы 31 наурыздағы қаулысымен ратификацияланған, 1993 жылғы 22 қаңтарда Минск қаласында жасалған Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек пен құқықтық қатынастар туралы конвенцияға және Қазақстан Республикасының Заңымен ратификацияланған, 2002 жылғы 7 қазанда Кишинев қаласында жасалған Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек пен құқықтық қатынастар туралы конвенцияға қатысушы елдер үшін талап етілмейді).


Қазақстан Республикасынан тыс тиісті шет мемлекеттің тілінде берілген құжаттар мемлекеттік немесе орыс тіліне аударылуға жатады.


  • ҚР шет елдердегі мекемелері
  • қазақстандық үлгідегі неке қию туралы куәлігі бар, ата-анасы ҚР азаматтары болып табылатын баланың тууын тіркеу кезінде – «электрондық үкімет» (www.egov.kz) веб-порталы арқылы жүзеге асырылады

  • ҚР шет елдердегі мекемелеріне құжаттар топтамасын тапсырған күннен бастап – 5 жұмыс күні
  • Порталға жүгінген кезде – 3 жұмыс күні

Электронды (ішінара автоматтандырылған) / қағаз түрінде


Туу туралы куәлік немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап


Баланың тууын тіркеу үшін 2 ай ішінде, ал бала өлі туылған жағдайда – туған сәттен бастап 5 тәуліктен кешіктірмей, ҚР шет елдердегі мекемелеріне мыналарды беру қажет:

  • баланың тууын мемлекеттік тіркеу туралы өтініш;
  • ата-анасының жеке басын куәландыратын құжаттар немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (салыстыру үшін);
  • көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген жағдайда нотариалды куәландырылған сенімхат;
  • егер баланың ата-анасының бірі шет мемлекеттің азаматы болып табылса, қазақстандық үлгідегі куәлік алуға нотариалды расталған келісім;
  • егер ата-анасының біреуі шет мемлекеттің азаматы болып табылса, құжаттың мемлекеттік немесе орыс тіліне нотариалды расталған аудармасы;
  • ата-анасының неке қию (ерлі-зайыпты болу) туралы куәлігінің көшірмесі (салыстыру үшін);
  • баланың туу туралы медициналық куәлігі немесе баланың туу фактісін анықтау туралы сот шешімінің көшірмесі не туу туралы куәліктің түпнұсқасы (салыстыру үшін) не баланың туу туралы актілік жазбаның көшірмесі;
  • консулдық алымның төленгенін растайтын құжаттың түпнұсқасы.


Баланың тууын тіркеу мерзімі бұзылған жағдайда ата-аналардың еркін түрде жазылған жазбаша түсініктемесі қосымша ұсынылады.


Әке болуды анықтаумен байланысты туу туралы акт жазбасына өзгерістер, толықтырулар енгізу қажет болған жағдайда:

  • әкелікті анықтауға байланысты тууды мемлекеттік тіркеу туралы актілік жазбаға өзгерістер, толықтырулар енгізу туралы өтініш;
  • консулдық алымның төленгенін растайтын құжаттың түпнұсқасы.

Порталға (қазақстандық үлгідегі неке қию туралы куәлігі бар, ата-анасы ҚР азаматтары болып табылатын баланың тууын тіркеу кезінде):

  • көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған Қазақстан Республикасында тіркелген азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтерді көрсете отырып, баланың тууын шетелде мемлекеттік тіркеу туралы электрондық өтініш;
  • туу туралы медициналық куәліктің не шетелдік үлгідегі туу туралы куәліктің электрондық көшірмесі не туу туралы актілік жазбаның немесе баланың туу фактісін анықтау туралы сот шешімінің көшірмесі;
  • консулдық алым төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі.

  • мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) анық еместігінің белгілі болуы;
  • көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған деректердің және мәліметтердің Шетелде азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу саласында мемлекеттік қызметтерді көрсету, сондай-ақ азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайталама куәліктер мен анықтамалар беру қағидаларының 2-тарауындағы талаптарына сәйкес келмеуі;
  • көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін Дербес деректер және оларды қорғау туралы Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімінің болмауы.

 

  • ҚР шет елдердегі мекемелері;
  • қазақстандық үлгідегі неке қию туралы куәлігі бар, ата-анасы ҚР азаматтары болып табылатын баланың тууын тіркеу кезінде – «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы жүзеге асырылады

  • құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап қызмет көрсету мерзімі – күнтізбелік 15 күн өткен соң;
  • некеге отыратын (ерлі-зайыпты болатын) адамдардың бірлескен өтініші бойынша тиісті құжаттармен расталған ерекше мән-жайлар (жүктілік, бала туу, тараптардың бірінің өміріне тікелей қатер төнген және басқа да ерекше мән-жайлар) болған кезде көрсетілетін қызметті беруші неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеу орны бойынша күнтізбелік он бес күн өткенге дейін неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) тағайындайды не көрсетілетін қызметті алушылардың жазбаша өтініші негізінде бұл мерзімді күнтізбелік 15 күннен асырмай ұзартады;
  • ерекше мән-жайлар (жүктілік, бала туу, тараптардың бірінің өміріне тікелей қауіп төнген және басқа да ерекше мән-жайлар) болған кезде некеге отыратын (ерлі-зайыпты болатын) адамдардың қалауы бойынша неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеудің себептері және растайтын құжаттарын міндетті түрде көрсете отырып, өтініш берілген күні жүргізіледі.

Электронды (ішінара автоматтандырылған) / қағаз түрінде


Туу туралы куәлік немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап


Неке жасына жеткен адамдар ҚР шет елдердегі мекемелеріне жүгінген кезде:

  • некеге тұру (ерлі-зайыпты болу) туралы өтініш;
  • некеге отыратын (ерлі-зайыпты болатын) адамдардың жеке басын куәландыратын құжаттар немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (салыстыру үшін);
  • ҚР азаматы мен шетелдіктің некесін тіркеу кезінде, жеке басын куәландыратын құжаттарды ұсынумен қатар, құжат мәтінінің қазақ немесе орыс тілдеріндегі нотариалды куәландырылған аудармасы ұсынылады;
  • некеге тұрушылардың (ерлі-зайыпты болушылардың) некеге құқықтық қабілеттілігі туралы анықтамалар (АХАЖ АЖ да өтініш берушілер туралы мәліметтер болған кезде талап етілмейді);
  • бұрынғы некенің тоқтатылғанын растайтын құжат (бар болса): некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы куәлік немесе заңды күшіне енгені туралы белгісі бар некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы сот шешімі, жұбайының қайтыс болуы туралы куәлік не некені жарамсыз деп тану туралы сот шешімі, ерлі-зайыптылардың бірін қайтыс болды деп жариялау немесе хабар-ошарсыз кетті деп тану (салыстыру үшін);
  • консулдық алымның төленгенін растайтын құжаттың түпнұсқасы;
  • ҚР заңнамасында белгіленген некені (ерлі-зайыптылықты) тіркеу мерзімін қысқарту немесе ұзарту қажет болған кезде мерзімді қысқарту немесе ұзарту негіздерін растайтын құжат: жүктілік туралы дәрігерлік-біліктілік комиссияның анықтамасы, денсаулық жағдайы туралы анықтама, баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі, басқа да ерекше жағдайларды растайтын қосымша құжаттар ұсынылады.

Егер некеге (ерлі-зайыптылыққа) жасы толмаған адамдар тұрса, қосымша:

  • неке (ерлі-зайыптылық) жасын төмендету туралы өтінішті нысан бойынша ата-аналар не қорғаншылар (қамқоршылар) неке (ерлі-зайыптылық) жасын төмендету қажеттілігін туындататын себептерді көрсете отырып және осы мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде көрсетілген қажетті құжаттармен қоса береді;
  • неке (ерлі-зайыптылық) жасын төмендету себептерін растайтын құжаттар (жүктілік туралы дәрігерлік-біліктілік комиссиясының анықтамасы, баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі, кәмелетке толмаған ата-анасының туу туралы куәлігінің көшірмесі, кәмелетке толмағандардың ата-анасының неке қию/некені бұзу туралы куәлігінің көшірмесі, кәмелетке толмағандардың ата-анасының және кәмелетке толмаған азаматтардың өздерінің жеке басын куәландыратын құжаттар);
  • некеге отыратын (ерлі-зайыпты болатын) адамдардың заңды өкілдерінің келісімі);
  • кәмелетке толмаған ата-анасының туу туралы куәлігі, кәмелетке толмағандардың ата-анасының неке қию/ некені бұзу туралы куәлігі, кәмелетке толмағандардың ата-анасының және кәмелетке толмаған азаматтардың өздерінің жеке басын куәландыратын құжаттары) (салыстыру үшін).

Порталға (ҚР азаматтары арасындағы некені алғашқы тіркеу кезінде):

  • көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған некеге отыру (ерлі-зайыпты болуы) туралы электрондық өтініш;
  • консулдық алым төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі.

  • мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) анық еместігінің белгілі болуы;
  • көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған деректердің және мәліметтердің Шетелде азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу саласында мемлекеттік қызметтерді көрсету, сондай-ақ азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайталама куәліктер мен анықтамалар беру қағидаларының 3-тарауындағы талаптарға сәйкес келмеуі;
  • көрсетілетін қызметті берушіде «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» ҚР Кодексінің 226-бабының 5-тармағына сәйкес неке қиюға (ерлі-зайыпты болуға) кедергі келтіретін мән-жайлардың болуын растайтын дәлелдемелердің болуы;
  • көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» ҚР Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімінің болмауы.

 

  • ҚР шет елдердегі мекемелері
  • кәмелетке толмаған балалары жоқ ерлі-зайыптылардың өзара келісімі бойынша некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеу кезінде – www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы жүзеге асырылады

  • бірлескен өтініш берген күннен бастап бір ай мерзім өткен соң;
  • хабар-ошарсыз кеткен, әрекетке қабілетсіз деп танылған немесе қылмыс жасағаны үшін кемінде үш жыл мерзімге бас бостандығынан айыруға сотталған адаммен некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеу екінші жұбайының көрсетілетін қызметті берушіден қамаудағы не әрекетке қабілетсіз жұбайының қорғаншысынан немесе хабар-ошарсыз кеткен деп танылған жұбайының мүлкіне қорғаншыдан хабарлама алған күннен бастап 45 күн мерзім өткен соң жүзеге асырылады.
  • құжаттарды қосымша тексеру қажет болған кезде көрсетілетін қызметті алушыны қарау мерзімі ұзартылған сәттен бастап күнтізбелік 3 күн ішінде хабардар ете отырып, қызмет көрсету мерзімі күнтізбелік 30 күннен аспайтын мерзімге ұзартылады.

Электронды (ішінара автоматтандырылған) / қағаз түрінде


Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы куәлік немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап


Кәмелетке толмаған балалары жоқ ерлі-зайыптылардың өзара келісімі бойынша некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды тіркеу үшін:

  • некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеу туралы өтініш;
  • некені (ерлі-зайыптылықты) бұзған адамдардың жеке басын куәландыратын құжаттар немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжаттар (салыстыру үшін);
  • неке қию (ерлі-зайыпты болу) туралы куәлік;
  • консулдық алымның төленгенін растайтын құжаттың түпнұсқасы.

Хабар-ошарсыз кеткен немесе әрекетке қабілетсіз деп танылған адамдармен не қылмыс жасағаны үшін кемінде үш жыл мерзімге бас бостандығынан айыруға сотталған адамдармен сот шешімі негізінде некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды тіркеу үшін:

  • жұбайын хабар-ошарсыз кеткен, әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеттілігі шектеулі деп тану туралы заңды күшіне енген сот шешімінің, сондай-ақ қылмыс жасағаны үшiн кемiнде үш жыл мерзiмге бас бостандығынан айыруға сотталғаны туралы сот үкімінің негізінде жұбайлардың бірінің некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеу туралы өтініші;
  • көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат (салыстыру үшін);
  • жұбайын хабар-ошарсыз кеткен немесе әрекетке қабілетсіз деп тану не қылмыс жасағаны үшін кемінде үш жыл мерзімге бас бостандығынан айыру туралы соттың заңды күшіне енген сот шешімі немесе сот үкімі (салыстыру үшін);
  • неке қию (ерлі-зайыпты болу) туралы куәлік;
  • консулдық алымның төленгенін растайтын құжаттың түпнұсқасы.

Порталға (кәмелетке толмаған балалары жоқ ҚР азаматтарының, ерлі-зайыптылардың өзара келісімі бойынша некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды тіркеу кезінде):

  • көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған Қазақстан Республикасында тіркелген азаматтық хал актілерін тіркеу туралы мәліметтерді көрсете отырып, некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеу туралы электрондық өтініш;
  • консулдық алым төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі.

 

  • мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) анық еместігінің белгілі болуы;
  • көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған деректердің және мәліметтердің Шетелде азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу саласында мемлекеттік қызметтерді көрсету, сондай-ақ азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайталама куәліктер мен анықтамалар беру қағидаларының 4-тарауындағы талаптарға сәйкес келмеуі;
  • көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімінің болмауы.

 

  • ҚР шет елдердегі мекемелері
  • www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады

  • құжаттар топтамасын тапсырған күнінен бастап – 3 жұмыс күні
  • портал арқылы өтініш берген кезде 1 жұмыс күні

Электронды (ішінара автоматтандырылған) / қағаз түрінде


Қайтыс болуы туралы куәлік немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап


ҚР шет елдердегі мекемелеріне:

  • қайтыс болуды мемлекеттік тіркеу туралы өтініш;
  • медициналық ұйым берген қайтыс болуы туралы белгіленген нысандағы құжат немесе қайтыс болу фактісін анықтау туралы немесе адамды қайтыс болды деп жариялау туралы сот шешімі (салыстыру үшін);
  • Қазақстан Республикасы азаматының паспорты;
  • көрсетілетін қызметті алушының өкілі өтініш білдірген жағдайда нотариалды куәландырылған сенімхат;
  • қажет болған жағдайда жақын туыстығын растайтын құжат (салыстыру үшін).

Порталға:

  • қайтыс болуды мемлекеттік тіркеу туралы электрондық өтініш;
  • медициналық ұйым берген қайтыс болу туралы белгіленген нысандағы құжаттың электрондық көшірмесі не қайтыс болу фактісін анықтау туралы немесе адамды қайтыс болды деп жариялау туралы сот шешімі;
  • қажет болған жағдайда жақын туыстықты растайтын құжаттың электрондық көшірмесі.

 

  • мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) анық еместігінің белгілі болуы;
  • көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған деректердің және мәліметтердің Шетелде азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу саласында мемлекеттік қызметтерді көрсету, сондай-ақ азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайталама куәліктер мен анықтамалар беру қағидаларының 6-тарауындағы талаптарға сәйкес келмеуі;
  • көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімнің болмауы.

 

  • Туу туралы қайталама куәлік беру;
  • Неке қию (ерлі-зайыпты болу) туралы қайталама куәлік беру;
  • Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы қайталама куәлік беру;
  • Қайтыс болу туралы қайталама куәлік беру;
  • Туу туралы анықтама беру;
  • Неке қию (ерлі-зайыпты болу) туралы анықтама беру;
  • Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы анықтама беру;
  • Қайтыс болуы туралы анықтама беру;
  • Некеге құқық қабілеттілігі туралы анықтама беру.

Мемлекеттік қызметтің барлық кіші түрлері бойынша – ҚР шет елдердегі мекемелері арқылы


  • құжаттар топтамасын тапсырған күнінен бастап көрсету мерзімі – 3 жұмыс күні ішінде
  • АХАЖ АЖ-да акт жазбасы болмаған кезде қызмет көрсету мерзімі көрсетілетін қызметті алушыны 3 күнтізбелік күн ішінде (өтінішті қарау мерзімі ұзартылған кезде) хабардар ете отырып, күнтізбелік 20 күннен аспайтын мерзімге ұзартылады

Мемлекеттік қызметтің барлық кіші түрлері бойынша – қағаз түрінде


Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу туралы қайталама куәлік немесе анықтама не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап


  • туу, неке қию (ерлі-зайыпты болу), некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу, қайтыс болу туралы және некеге құқық қабілеттілігі туралы қайталама куәлік (анықтама) беру туралы өтініш;
  • жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (салыстыру үшін);
  • туу/некеге тұру/некені бұзу/қайтыс болу туралы алғашқы куәлік (бар болса);
  • көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген жағдайда нотариалды куәландырылған сенімхат;
  • консулдық алымның төленгенін растайтын құжаттың түпнұсқасы.

Қайтыс болу туралы қайталама куәлік (анықтама) алу туралы өтініш берілген жағдайда қосымша қайтыс болған адаммен туыстығын растайтын құжаттардың көшірмелері беріледі.

Некеге құқық қабілеттілігі туралы анықтаманы алу үшін, егер көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасынан тыс жерде некеде тұрса (ерлі-зайыпты болса), некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы куәліктің немесе жұбайының (зайыбының) қайтыс болуы туралы куәліктің көшірмелері қосымша қоса беріледі.


  • мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) анық еместігінің белгілі болуы;
  • көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған деректердің және мәліметтердің Шетелде азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу саласында мемлекеттік қызметтерді көрсету, сондай-ақ азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайталама куәліктер мен анықтамалар беру қағидаларының 6-тарауындағы талаптарға сәйкес келмеуі;
  • көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімнің болмауы.

Тууды тiркеу және тиiстi куәлiктер беру - 25 АҚШ доллары

Неке қиюды тіркеу және неке туралы куәлiк беру - 35 АҚШ доллары

Неке бұзуды тіркеу тiркеу және неке бұзу туралы куәлік беру - 45 АҚШ доллары

Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен хабар-ошарсыз кетті деп немесе әрекетке қабiлетсiз деп танылған адамдармен не қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кемінде үш жыл мерзімге бас бостандығын анайыруға сотталған адамдармен неке бұзуды тіркеу - 25 АҚШ доллары

Азаматтық хал актілері жазбаларының өзгеруі, толықтырылуы, түзетілуі және қалпына келтірілуімен байланысты құжаттарды ресімдеу - 25 АҚШ доллары

Азаматтық хал актiлерiн тiркеу туралы қайтадан куәлiктердi беру - 25 АҚШ доллары



Құжаттарды қабылдау уақыты: сағат 09:30-дан 12:30-ға дейін

Құжаттарды беру уақыты: сағат 14:30-дан 16:00-ге дейін


Қабылдайтын күндер:күнделікті, тек сәрсенбі, Қазақстан Республикасының мереке және демалыс күндерінен басқа



 

 

Дата публикации
15 ноября 2023
Дата обновления
15 ноября 2023
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

10 июня 2025
Қазақстан Республикасының азаматтығына жататындығын айқындау
10 июня 2025
Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығу
10 июня 2025
Шетелде баланың тууын мемлекеттік тіркеу

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары