Анкара, 2024 жылғы 30 желтоқсан – Қазақстанның Түркиядағы Елшісі Еркебұлан Сәпиев Түркияның Жоғарғы кассациялық сотының Бас прокуроры Мухсин Шентүркпен кездесіп, Қазақстан мен Түркия арасында құқық саласындағы ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын талқылады.
Бас прокурор бауырлас Қазақстанмен қатынастарға ерекше мән беріп отырғанын және байланыстарды одан әрі нығайтуға дайын екендігін білдірді.
Тараптар кездесу қорытындысы бойынша, екі ел арасындағы құқық саласында қарым-қатынасты кеңейту жөнінде өзара іс-қимылды жандандыруға келісті.