Қазақстан Түркияға сыйлаған мектеп құрылысы басталды

Қазақстан Түркияға сыйлаған мектеп құрылысы басталды

Газиантеп, 2024 жылғы 19 желтоқсан – Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың тапсырмасымен Түркиядағы жойқын жер сілкінісінен зардап шеккен Газиантеп провинциясының Нұрдағы ауданында салынатын мектептің іргетасын қалау рәсімі өтті.

Іс-шараға Елші Еркебұлан Сапиев, Газиантеп провинциясының губернаторы Кемаль Чебер, Түркияның Сыртқы істер және Ұлттық білім министрліктерінің өкілдері, мектеп құрылысының операторы болып табылатын KazAID Қазақстандық халықаралық даму агенттігі өкілдері, Нұрдағы қаласының тұрғындары мен оқушылары қатысты.

960 оқушыға арналған оқу ордасында 36 сынып, амфитеатр, ғылыми зертханалар, екі елдің достық нышаны ретінде киіз үй тәріздес шеберханалар, дене шынықтыру залы, асхана және оқушыларға қажетті басқа да нысандарды қоса алғанда мүмкіндігі шектеулі жандарға қолжетімділік қарастырылған.