Анкарада Қазақстан-Түркия ынтымақтастығына арналған дөңгелек үстел өткізілді

Анкарада Қазақстан-Түркия ынтымақтастығына арналған дөңгелек үстел өткізілді

Анкара, 2024 жылғы 4 желтоқсан – Анкарада Қазақстан-Түркия ынтымақтастығына арналған дөңгелек үстел өткізілді.

Іс-шараға Түркияның бұрынғы Премьер-министрі, қазіргі ТМҰ Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Б.Йылдырым, Жоғары сайлау комиссиясының төрағасы А.Йенер, Анкара провинциясының губернаторы В.Шахин, Сыртқы істер министрінің орынбасарлары Н.Йылмаз бен М.Бозай, Мәдениет және туризм министрінің орынбасары С.Чам, Дін істері агенттігінің төрағасы А.Эрбаш, Анкара қаласындағы университеттердің ректорлары мен Сыртқы істер министрлігінің Бас директорлары қатысты.

Кездесуде Қазақстан мен Түркия арасындағы қарым-қатынас, еліміздің халықаралық аренадағы белсенді рөлі талқыланды. Сондай-ақ, Президенттің Жолдауымен қатар, Қазақстанда болып жатқан адам құқықтары, салық, саясат, бизнес, цифрландыру, медицина, ауыл шаруашылығы, индустрияландыру, транспорт және логистика салаларындағы реформаларға кеңінен тоқталды. «Born Bold» науқаны аясындағы еліміздің туристік әлеуеті таныстырылып, инвестициялық мүмкіндіктеріне баса назар аударылды.

Түрік тарапының пікірінше Қазақстанның сыртқы саясаттағы белсенділігі Орта державалардың халықаралық қатынастардағы ерекше рөлін айқындады. Қазақстанның 6 халықаралық ұйымға төрағалық етіп, сыртқы саясатындағы ерекше дәуірінің бірі болғанын атап өтті. ТМҰ Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Б.Йылдырым Қазақстанның «Түркі дәуірі» атты ұйымдағы төрағалығын жоғары бағалайтынын жеткізіп, еліміздің ТМҰ құрушы елдерінің бірі екенін жиынға қатысушылардың назарына салды.