
Анкара, 2024 жылғы 20 қараша – Елші Еркебұлан Сәпиев Түркияның зиялы қауым және БАҚ өкілдерімен кездесті.
Кездесу барысында Қазақстан мен Түркия арасындағы қарым-қатынас, Қазақстан Президентінің Жолдауымен қатар, еліміздің халықаралық қатынастардағы белсенді рөлі және т.б. тақырыптар талқыланды.
Қатысушыларларға Қазақстанда болып жатқан адам құқықтары, салық, саясат, бизнес, цифрландыру, медицина, ауыл шаруашылығы, индустрияландыру, транспорт және логистика салаларындағы реформалар кеңінен түсіндірілді. «Born Bold» науқаны аясындағы еліміздің туристтік әлеуеті таныстырылып, инвестициялық мүмкіндіктеріне баса назар аударылды. Сондай-ақ, Қазақстанның «TURKTIME» атты ТМҰ аясындағы төрағалығы қорытындыланды.
Зиялы қауым өкілдерінің пікірінше Қазақстанның сыртқы саясаттағы белсенділігі Орта державалардың халықаралық қатынастардағы ерекше рөлін айқындады. Астана процесі, Армения және Әзербайжан арасындағы бейбітшілік процесі секілді оқиғалар осыған негіз бола алатынын айтты.
Қатысушылар биыл Қазақстанның 6 халықаралық ұйымға төрағалық етіп, сыртқы саясатындағы белсенді дәуірінің бірі болғанын атап өтті. Сонымен қатар, ауыл және аудан әкімдерін сайлау туралы шешімдер еліміздің демократияға деген ұмтылысының айқын көрінісі екенін жеткізді.