
2024 жылғы 6 қазанда Қазақстанда атом электр станциясын салуға байланысты республикалық референдум өткізіледі. Референдум туралы толық ақпаратты мына сілтеме арқылы https://www.election.gov.kz/kaz/?v=mobile білуге болады.
Осыған байланысты, Түркия Республикасының аумағында тұратын Қазақстан азаматтары ҚР-дың Анкара қаласындағы Елшілігінде, Ыстанбұл және Анталья қалаларындағы Бас консулдықтарында дауыс бере алады.
-Ыстанбұл, Едирне, Кыркларели, Сакарья, Текирдаг, Бурса, Ялова, Коджаели, Зонгулдак, Бартын, Измир, Балыкесир, Бандырма, Чанаккале, Маниса, Айдын аймағындағы ҚР азаматтары Ыстанбұлдағы Бас консулдықта;
-Анталья, Бурдур, Караман, Мерсин, Денизли, Мугла, Ыспарта аймағындағы ҚР азаматтары Антальядағы Бас консулдықта;
-Қалған аймақтағы ҚР азаматтары Анкарадағы Елшілікте дауыс беруіне болады.
Осыған орай Анкара қаласындағы ҚР Елшілігінде дауыс беруді жоспарлап отырған ҚР азаматтарын сілтемедегі Google форманы толтыруын сұраймыз. https://forms.gle/C5whcTTRzhuTxSgA7
Дауыс беру күні өзіңізбен бірге жеке басты куәландыратын құжатыңызды (паспорт немесе жеке куәлік) алып келу қажеттілігіне назар аударамыз.
Сұрақтар бойынша +90-312-491-91-00 телефонына немесе ankara@mfa.kz эл. поштасына хабарласуға болады.
Елшілік мекен-жайы: Oran, Kılıç Ali sk No: 6, Çankaya, Ankara