Қазақстанда түрік университетінің филиалы ашылмақ

Қазақстанда түрік университетінің филиалы ашылмақ

Анкара, 2024 жылғы 11 қыркүйек – Елші Еркебұлан Сәпиев Түркияның жетекші жоғары оқу орындарынан бірі Гази университетінің ректоры Угур Уналмен кездесті.

Кездесу барысында Қазақстан мен Түркия арасында білім саласындағы ынтымақтастықты дамыту, ғылыми-зерттеу және академиялық байланыстарды нығайту жолдары талқыланды.

Тараптар Гази университетінің Қазақстанда филиалын ашу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстардың барысына ерекше тоқталып, бұл бағытта бірлескен күш-жігер жұмсауға уағдаласты.

Сонымен қатар, аталған жоғары оқу орнында қазақстандық студенттердің санын ұлғайту және олардың қатысуымен түрлі іс-шараларды өткізу мәселелері талқыға салынып, екі елдің университеттері арасында тәжірибе алмасуды жандандыруға бағытталған нақты қадамдар белгіленді.