Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) «Астана LRT» ЖШС-сының бұрынғы басқарма төрағасы Ардан Талғатқа қатысты қылмыстық істі тергеуде.
Қазіргі уақытта ауыр қылмыс жасау бойынша тергеу барысында жиналған дәлелдемелер күдікті Т. Арданның әрекетін Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 361-бабы 4-бөлігі 3-тармағымен саралауға мүмкіндік берді.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 208-бабы 1-бөлігіне сәйкес күдікті жауап алуға шақыру қағазымен шақырылады.
Алайда, күдікті Т. Арданның Қазақстан Республикасынан тыс жерде болуына және келуден жалтаруына байланысты, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 205-бабы 3-бөлігін басшылыққа ала отырып, күдіктіні БАҚ арқылы шақыру туралы хабарлама жариялайды.
Жауап алуды жүргізу және күдіктінің әрекетін саралау туралы қаулыны жариялау үшін, Т.Ардан Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы 19, «Б» блогы мекенжайында орналасқан Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне тергеу - жедел тобының басшысы Өтепқалиевке Ж. келуге тиіс.
Күдікті тергеу әрекеттеріне қатысу үшін қорғаушыны өзі шақыруға не қылмыстық процесті жүргізетін орган қорғаушысының қатысуы туралы өтінішхат беруге құқылы (ҚР Қылмыстық- процестік кодексінің 68-бабы).
Егер күдікті немесе оның заңды өкілдері, сондай-ақ олардың нұсқауы бойынша өзге де адамдарды қорғаушыны шақырмаса, қылмыстық процесті жүргізуші орган қорғаушының қатысуын қамтамасыз ететін болады (ҚР ҚПК-нің 67-бабы).