
Түркия Сыртқы экономикалық байланыстар кеңесінің (DEİK) Қазақ-Түрік іскерлік кеңесі төрағасы, «Yıldırım Holding» президенті Роберт Юксель Йылдырым төрағалығында өткен бұл жүздесуге DEİK төрағасы Найл Олпак, Түркияның Қазақстандағы Елшісі Уфук Экиджи, Түрік-Қазақ кәсіпкерлері қауымдастығы (TÜKİB) төрағасы Фырат Девелиоғлу, іскерлік кеңес атқарушы мүшелері: «Abdi İbrahim» компаниясының өкілі Мустафа Оғузхан Бүлбүл, «Ziraat» банкінің өкілі Джанан Өлекли, «Çift Kartal Değirmen» компаниясының директор орынбасары Джихангир Фикри Саатчиоғлу, «Dal Holding» Басқарма мүшесі Демирджан Көсе, «Gala Sahne» компаниясының өкілі Инанч Сайын, «İpekyolu Uluslararası Fuarcılık» компаниясының Бас директоры Махмут Эр, «Anadolu Holding» өкілі Сервет Йылдырым, «Gökçe Avukatlık» басқарушы серіктесі Синан Гөркем Гөкче, «Mağdenli Yer Hizmetleri» иесі Керем Мағденли және түрік кәсіпкерлері, атап айтқанда «Türksat Uydu», «Mitra Tarım», «Zorlu Enerji», «Asya Trafik», «FLO», «GİNTEK», «Tek-İmaş», «Gülsan İnşaat», «Kıta Ulaştırma», «Expotürk Enerji» компанияларының өкілдері қатысты.
Бейнеконференцияның басты тақырыбы коронавирус COVID-19 пандемиясының Қазақстан мен Түркияның сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастығына әсерін талқылауға арналды.
Елші А.Сапарбекұлы өз сөзінде еліміздің пандемияға қарсы іс-қимыл, халықты және бизнесті қолдау шаралары туралы баяндады.
Атап айтқанда Елші пандемия індетінің әлемдік салдарына байланысты Қазақстан Үкіметінің де макроэкономикалық болжамдарды қайта қарастырғанын, осы ретте Үкіметтің кіші және үлкен бизнеске нақты салықтық жеңілдіктер мен несиелік артықшылықтары туралы жаңа мүмкіндіктерге, атап айтқанда Үкімет қабылдаған 6 млрд. тенгелік (14 млрд. $) шұғыл экономикалық шаралар туралы баяндады.
Елші екі ел арасында сауда және тасымал саласындағы бірқатар проблемаларды шешу қажеттілігін көтерді.
Бейнеконференцияға қатысушылар COVID-19 індеті әлемдік экономиканың дамуына кері әсері болатынын, соның ішінде сауда мен логистика салаларына үлкен зардап әкелетіндігін атап өтті. Әсіресе тауарларды жеткізу тізбегінің бұзылғандығы айтылды. Сонымен қатар COVID-19 індеті цифрлы экономика мен сауданың дамуына серпіліс беретіндігі атап өтілді.
Жалпы бейнеконференцияға қатысушылар Қазақстанның пандемиямен күресу және ел экономикасын қолдау үшін қабылдаған тиімді және табысты шараларын оң бағалады.
Сондай-ақ, ҚР Үкіметінің инвесторларға бүгінгі қиын жағдайда тиісті қолдау көрсететініне сенім білдірді.