
Елші А.Сапарбекұлы 28-29 ақпан күндері Денизли провинциясына жұмыс сапарымен барды.
Жұмыс сапары барысында Денизли губернаторы Хасан Карахан және Денизли мэрі Осман Золанмен кездескен А.Сапарбекұлы, кездесулерінде екі ел арасындағы саяси-экономикалық және сауда, мәдени қарым-қатынастарды талқыға салды.
Сондай-ақ, Елші А.Сапарбекұлы Денизли сауда палатасы төрағасы Уғур Ердоған кездесіп, Денизли экспорттаушылар одағы мүшелерімен жүздесті.
Бұған қоса Қазақстан Елшісі Еуразия өнеркәсіпшілері мен кәсіпкерлері қауымдастығында өткен "Түркия-Қазақстан экономикалық қатынастары және инвестиция мүмкіндіктері" атаулы конференцияда еліміздің инвестициялық мүмкіндіктері туралы баяндама жасады.
Сонымен қатар Елші А.Сапарбекұлы аймаққа жасаған сапары барысында Altınbaşak Tekstil, AYNES Gıda San.ve Tic. A.Ş., Denizli İli Damızlık Sığır Yetiştiricileri Birliği, Pamukkale Kablo San.ve Tic. A.Ş., Özçınar Mermer A.Ş., TETSIAD, Seval Kablo, HT Grand Tekstil, Agarta Madencilik, Asies International, Salman Asansorleri және Aluminal Aluminyum сынды кәсіпкерлермен екі-жақты кездесулер өткізді.