Қазақстанның ШЫҰ-ға төрағалығы 2023-2024 жж.

Қазақстанның ШЫҰ-ға төрағалығы 2023-2024 жж.

2023 жылғы 4 шілдеде Қазақстан ШЫҰ төрағасы қызметіне кірісті. Астана ШЫҰ-ға төртінші рет төрағалық етуде. Осыған байланысты Қазақстан бірнеше векторлар бойынша бірқатар перспективалық басымдықтарды алға тартты. Осы орайда Қазақстан түрлі деңгейде 150-ден астам іс-шара өткізді.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың мәлімдемесіне сәйкес, төрағалық етудің негізгі басымдықтары:

  • қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету;
  • экономикалық және сауда байланыстарын кеңейту және тереңдету;
  • энергетикалық ынтымақтастықты нығайту;
  • сандық технологиялар саласындағы ынтымақтастықты кеңейту;
  • экологиялық ынтымақтастықты нығайту;
  • мәдени және гуманитарлық байланыстарды тереңдету.

1. Геосаяси шиеленістің бұрын-соңды болмаған өсуі мемлекетаралық қатынастардың тұрақты дамуын қолдаудың маңыздылығын сезінуді арттырады. Сондықтан Қазақстан ШЫҰ-ның «Әділ бейбітшілік пен үйлесім жолындағы дүниежүзілік бірлік» бастамасын ұсынды, ол қауіпсіздіктің, әділ экономикалық ортаның және таза планетаның жаңа парадигмасын ұсынады. Ол Жаһандық Оңтүстік пен Жаһандық Солтүстік арасындағы әділ диалогқа тікелей ықпал етеді.

Қауіпсіздікке дәстүрлі қауіп-қатерлер әрқашан ШЫҰ-ның назарында болған. 3-4 шілдеде Астанада өтетін саммитте 2025-2027 жылдарға арналған Терроризмге, сепаратизм мен экстремизмге қарсы іс-қимыл жөніндегі ынтымақтастық бағдарламасын, сондай-ақ ШЫҰ-ның 2024-2029 жылдарға арналған есірткіге қарсы стратегиясын қабылдау жоспарланып отыр.

2. Әлемдік экономиканың тұрақты өсуін қамтамасыз ету инновациялық тәсілді талап етеді. Қазақстан Президенті экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты дамытуға ықпал ететін ШЫҰ-ның бірлескен Инвестициялық қорын құруды ұсынды. Бұл бастама ШЫҰ-ның жобалық қызметі үшін қаржы тетіктерін құру жөніндегі бірлескен күш-жігердің құрамдас бөліктерінің бірі болуы мүмкін.

Қазақстанның төрағалығы кезеңінде ШЫҰ-ның ірі стратегиялық порттары мен логистикалық орталықтарының серіктестік желісін құру жөнінде бастама қабылдау жоспарланып отыр. Бұл өңірдің транзиттік-көліктік әлеуетін ашуға және жаңа көлік дәліздерін дамытуға мүмкіндік береді.

3. Елдер мен әлеуметтік топтар арасындағы сандық алшақтық мәселесі ШЫҰ-ның басты мәселелерінің бірі болып табылады. Қазақстан кешенді цифрлық трансформация үшін қолайлы жағдай жасады және ШЫҰ кеңістігіндегі Цифрлық хаб ретінде қызметтерді ұсынуға дайын. Алғашқы қадамдар жасалуда. ШЫҰ-ның Технопарктер мен инновациялық кластерлер альянсын құрылды, оған Астана халықаралық ІТ-стартаптар технопаркі енді. Бұл бағыттағы нақты қадам 2024 жылғы 1 ақпанда Алматыда өткен алғашқы Цифрлық форум болды.

4. Жаһандық энергетикалық қауіпсіздік бүкіл әлемдік қоғамдастықтың өзекті проблемасы болып табылады. ШЫҰ оны шешудiң өзара тиiмдi жолдарын әзiрлеуге жәрдемдесуге қабiлеттi. Сондықтан Астанадағы ШЫҰ саммитінде ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің 2030 жылға дейінгі кезеңге арналған энергетикалық ынтымақтастығын дамыту стратегиясын қабылдау жоспарланып отыр.

Онда БҰҰ-ның орнықты даму саласындағы күн тәртібінің мақсаттарына қол жеткізуге, энергетикалық қауіпсіздікті нығайтуға және жаһандық климаттың өзгеруі жағдайында «жасыл» энергетиканы дамыту перспективаларын зерделеуге көмектесетін жаңа бағыттар белгіленген. Стратегияның негізгі ережелері өткен жылдың қазан айында Астанада өткен ШЫҰ Энергетикалық форумы барысында талқыланды.

5. Қазақстан экологиялық проблемаларды шешуге ерекше көңіл бөледі. Қазақстанның бастамасымен ШЫҰ 2024 жылды Экология жылы деп жариялады. Осы жылдың ішінде барлық мүше мемлекеттер қоршаған ортаны қорғау бойынша бірлескен іс-шаралар өткізеді.

Жаһандық экологиялық күн тәртібі экологиялық проблемаларды шешу үшін күш біріктіру қажеттігін талап етеді. Қазақстанның ұсынысы бойынша Ұйым шеңберінде экология, табиғи объектілерді қорғау, қалдықтармен тиімді жұмыс істеу және т.б. салаларда бірқатар халықаралық құжаттар қабылданды.

6. ШЫҰ өңірі орасан зор тарихи, рухани және мәдени мұраға ие. Қазақстанның төрағалығымен күш-жігер халықтар арасындағы өзара түсіністікті тереңдетуге және мәдениеттердің алуан түрлілігін сақтауға бағытталған.

Төрағалық ету кезеңінде Алматы қаласы ШЫҰ-ның туристік және мәдени астанасы болып жарияланды.

«Алтын Орда және оның мұрасы» халықаралық конференциясы 2024 жылдың сәуірінде Қазақстанның қасиетті қаласы Түркістан қаласында өтті. Конференция аясында орта ғасырлық архитектураның ұлы ескерткіші, рухани орталық және өркениеттің бесігі - көрнекті ойшыл Қожа Ахмет Ясауи кесенесі таныстырылды.

****

ШЫҰ - статикалық ұйым емес, ол теңдік, өзара консультациялар, өзара сенім және мәдениеттердің алуан түрлілігін құрметтеу қағидаттары негізінде жетілдіріледі.

Қазақстан бұл үдеріске белсенді үлес қосуда. Атап айтқанда, Астана ШЫҰ-ның Даму стратегиясын қабылдай отырып, мүше мемлекеттерге ұйымды дамытудың орта мерзімді перспективаға арналған стратегиялық пайымын ұсынды.