Анкарада ауыл шаруашылығы ынтымақтастығының нақты қадамдары талқыланды

Анкарада ауыл шаруашылығы ынтымақтастығының нақты қадамдары талқыланды

Анкара, 2024 жылғы 5 маусым – Қазақстан Елшісі Еркебұлан Сәпиев Түркияның Ауыл және орман шаруашылығы министрі Ибрахим Юмаклымен кездесіп, екі ел арасындағы ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастықты кеңейту мәселелерін талқылады.

Кездесуде Қазақстан Премьер-Министрі О.Бектенов пен Түркия Вице-президенті Ж.Йылмаздың тең төрағалығымен өткен Қазақстан-Түркия Үкіметаралық экономикалық комиссиясының отырысы барысында қабылданған Жол картасын іске асыру шеңберінде ауыл шаруашылығы саласындағы екіжақты ынтымақтастықты дамыту бойынша нақты қадамдар жасау туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.