Анкара, 2024 жылғы 13 мамыр – Қазақстанның Түркиядағы Елшісі Еркебұлан Сәпиевтың Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің Төрағасы Нуман Куртулмушпен кездесуі өтті.
Елші Қазақстанда Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан саяси және әлеуметтік-экономикалық реформалар туралы ақпарат берді.
Сондай-ақ, екі елдің парламенттерінде Қазақстан-Түркия достық топтарының мүшелері тағайындалғанын ескере отырып, топтар арасында өзара іс-қимылды одан әрі нығайту маңыздылығына назар аударды.
Н.Куртулмуш елдеріміз арасындағы қарым-қатынастары кеңейтілген стратегиялық әріптестік рухында қарқынды дамып келе жатқанын мәлімдеді. Сонымен қатар, парламенттеріміздің екіжақты және көпжақты ынтымақтастығын жоғары бағалап, әсіресе түркі интеграциясы шеңберінде мәдениет, тарих және тіл бірлігімізді дамыту қажеттілігін атап өтті.