Қазақстанның Түркі мемлекеттері ұйымындағы төрағалығының басымдылықтары Анкарада талқыланды

Қазақстанның Түркі мемлекеттері ұйымындағы төрағалығының басымдылықтары Анкарада талқыланды

Анкара, 2024 жылғы 2 мамыр – Қазақстанның Түркиядағы Елшісі Еркебұлан Сәпиев Түркі мемлекеттері ұйымы Ақсақалдар кеңесінің төрағасы, Түркия Республикасының экс-Премьер-министрі және бұрынғы Парламент төрағасы Бинали Йылдырыммен кездесіп, түркі интеграциясын одан әрі дамыту жолдарын талқылады.

Беделді түрік саясаткері су тасқынына байланысты Қазақстанмен тілектестігін білдіріп, екі ел арасындағы қарым-қатынастардың деңгейін жоғары бағалады. ТМҰ Ақсақалдар кеңесінің ағымдағы жұмыстарымен таныстырып, биылға жоспарланған іс-шаралар туралы мәліметпен бөлісті.

Елші Қазақстанның ТМҰ-дағы төрағалығының жоспарлары туралы ақпарат беріп, еліміздің түркі интеграциясы шеңберіндегі бастамаларын атап өтті.

Тараптар түркі әлемі ынтымақтақтастығы бағыттарының кең ауқымы бойынша жұмыстарды үйлестіру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.