Қазақстан мен Түркия сауда саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда

Қазақстан мен Түркия  сауда саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда

Анкара, 2024 жылғы 1 мамыр – Қазақстан Елшісі Еркебұлан Сәпиев Түркияның Сауда министрі Өмер Болатпен кездесті.

Кездесу барысында екі ел арасындағы сауда саласындағы ынтымақтастықты кеңейту мәселелері талқыланды.

Елші Е.Сәпиев Түркия Қазақстанның ең маңызды сауда серіктестерінің бірі екендігін, сондай-ақ, еліміз сауда айналымының көлемін ұлғайту мүдделегіне назар аударды. Сонымен қатар, Қазақстанда бизнес жүргізу тиімділігін мен инвесторларға жасалған қолайлы жағдайлар туралы мәлімдеді.

Ө.Болат екі ел арасындағы сауда көлемі Мемлекет басшылары белгілеген 10 млрд. АҚШ доллары көрсеткішіне жеткендігін және бұл сомманы одан әрі арттыруға ниетті екенін білдірді. Сондай-ақ, түрік тарапы тауарларды әртараптандыру, сауда дәліздерін дамыту секілді тақырыптарға тоқталды.

Тараптар екіжақты сауда мәселесіндегі маңызды мәселелер болып табылатын көлік логистикасы, жүк тасымалы, қауіпсіздік және өңірдегі сауда саласындағы басқа да маңызды тақырыптарды қозғады.

Кездесу нәтижесінде екіжақты сауда саласындағы ынтымақтастықты дамыту үшін Қазақстан Премьер-министрі О.Бектенов пен Түркия Вице-президенті Ж.Йылмаздың тең төрағалығымен өткен Қазақстан-Түркия Үкіметаралық экономикалық комисссиясының барысында қол жеткізілген 90 тармақтан тұратын жол картасын іске асыру бойынша нақты қадамдар жасау туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.