Qazalem порталы – «Отандастар қорының» жетекшілігімен құрылған Қазақстаннан тыс жерде тұратын отандастарымыздың басын қосып, оларға сервистік қызмет ұсынатын, сондай-ақ елде болып жатқан жаңалықтармен қамтамасыз ететін бірегей интернет-сервис. Платформа жаңалықты, Қазақстан туралы энциклопедияны, диаспоралар мен қауымдастықтар картасын, елшіліктер мен консулдықтардағы брондау қызметтерін ұсынады. Көшіп келуді жоспарлап отырған отандастар үшін заңгерлік кеңес беру және қандас дерекқорына тіркелу мүмкіндігі бар. Сайт төрт тілде қол жетімді: қазақ, орыс, ағылшын, қытай. Сайтқа кіру үшін https://qazalem.kz/kk сілтемесіне өтіңіз.