Қазақстан мен Түркия Денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуде

Қазақстан мен Түркия  Денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуде

Анкара, 2024 жылғы 26 наурыз – Қазақстанның Түркиядағы Елшісі Еркебұлан Сәпиев Түркияның Денсаулық сақтау министрі Фахреттин Кожамен кездесіп, медицина саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту жолдарын талқылады.

Түрік министрі Қазақстан мен Түркия арасындағы қарым-қатынастардың жоғары деңгейін атап өтіп, денсаулық сақтау бағытындағы өзара іс-қимылды кеңейтуге және жан-жақты тәжірибе алмасуға дайын екендігін білдірді.

Елші дәрігерлердің біліктілігін арттыру, медицина мен фармацевтика салаларында ортақ жобаларды жүзеге асыру, мамандырылған семинар мен конференциялар өткізу маңыздылығына назар аударып, бұл бағытта жұмыстарды жандандыру бойынша нақты ұсыныстар жасады.