Анкара, 2024 жылғы 15 ақпан – Қазақстан Елшісі Еркебұлан Сәпиев Түркия Республикасы Жоғары білім кеңесінің Төрағасы Ерол Өзвармен кездесті.
Кездесу барысында жоғары білім саласындағы екіжақты ынтымақтастықты кеңейту мәселелері талқыланды.
Елші Е.Сәпиев Қазақстанның Түркиямен білім беру саласында байланыстарды нығайтуға мүдделі екендігіне назар аударды.
Өз кезегінде, Е.Өзвар түрік тарапының екі ел арасында білім беру саласындағы ынтымақтастықты одан әрі жан-жақты нығайтуға мүдделі екендігін мәлімдеп, екі елдің ғалымдарының жүйелі түрде өзара іс-қимылы, бірлескен жобаларды жүзеге асыру, студенттердің академиялық алмасу бағдарламалары сияқты бағыттарды дамыту маңыздылығын атап өтті.
Кездесу нәтижесінде Түркияның жетекші университеттерінің филиалдарын Қазақстанда ашу бойынша нақты қадамдар жасау туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.