
Тирана, 2023 жылғы 28 қараша - Елші Е.Сәпиев Албания Республикасының Президенті Байрам Бегайдың шақыруымен Албанияның Ұлттық күні және Мемлекеттік ту күнінің 111 жылдығына орайластырылған ресми қабылдауға қатысты.
Албания Республикасының Президентіне Қазақстан Республикасы Президенті атынан ыстық сәлемін және құттықтауын жеткізіп, Албания Премьер-министрі Эди Рамамен жүздесті.
Сонымен қатар, Албания Сауда және өнеркәсіп палатасының басшысы Николин Йакамен кездесіп, екі елдің сауда-экономикалық және іскерлер арасындағы ынтымақтастықты нығайту бағыттарын талқылады.