
2023 жылғы 11 қазанда Астанада ҚР Парламенті Сенатының спикері-Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының Басшысы М.Әшімбаевтың төрағалығымен Съезд Хатшылығының XXI отырысы өтеді.
Хатшылық отырысы шеңберінде Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VIІ Съезінің қорытындысы бойынша пікір алмасу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың VIІ Съезде бастамашылық жасаған «Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезінің 2023-2033 жылдарға арналған даму тұжырымдамасын» талқылау және қабылдау жоспарлануда.
Съездің XХІ Хатшылық жұмысына АҚШ, Ватикан, Ұлыбритания, Оңтүстік Корея, Египет, Әзірбайжан, Түркия, Пәкістан, Иран, Қырғыз Республикасы, Өзбекстан, Израиль, Қытай, Моңғолия, Жапония, Үндістан, Ресей, Армения, Тайланд, БАӘ елдерінен ислам, христиан, буддизм, иудаизм, индуизм, даосизм, синтоизм сияқты әлемдік және дәстүрлі діндердің діни жетекшілері қатысады деп күтілуде.
Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезінің тарихы туралы деректі фильмін төмендегі сілтеме арқылы көруге болады.