Қазақстанның Елшісі Түркияның Қоршаған орта, қала құрылысы және климат өзгерісі министрімен кездесті

Қазақстанның Елшісі Түркияның Қоршаған орта, қала құрылысы және климат өзгерісі министрімен кездесті

2023 жылғы 25 тамызда - Елші Еркебұлан Сәпиев Түркия Республикасының Қоршаған орта, қала құрылысы және климат өзгерісі министрі Мехмет Озхасекимен кездесу өткізді.

Кездесу барысында қоршаған ортаны қорғау мен қала құрылысындағы өзекті мәселелер мен жаңа үрдістерді ескере отырып, екіжақты ынтымақтастықты кеңейту мүмкіндіктері мен жолдары талқыланды.

Е.Сәпиев Қазақстанда бұл салаларда жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы ақпарат берді. Сонымен қатар, ҚР Елшісі тәжірибе алмасуды нығайту маңыздылығына назар аударып, екіжақты ынтымақтастықты жандандыру бойынша нақты ұсыныстар жасады.

Өз кезегінде Министр М.Озхасеки Қазақстанмен қарым-қатынастарды нығайтуға бағытталған  барлық бастамаларды толық қолдайтынын және екі ел арасында жан-жақты тәжірибе алмасуға дайын екендігін қуаттады.