“Бабалар Аманаты” кітабының 5 бөлімінің тұсаукесері өтті!

“Бабалар Аманаты” кітабының 5 бөлімінің тұсаукесері өтті!

2023 жылғы 16 тамыз - Қазақстанның Түркиядағы Елшілігінің және ТҮРКСОЙ ұйымының ұйымдастыруымен, Түркия Республикасының 100 жылдығына және Дінмұхмед Қонаевтың 110 жылдығына орай Қанағат Қалиұлы Көдековтың “Бабалар Аманаты” кітабының 5 бөлімінің тұсаукесері өтті.

Іс-шараға Көк Ту қазақ мәдениеті қоғамының, ТҮРКСОЙ ұйымының, Халықаралық Қонаев қорының, дипломатиялық корпустың өкілдері және басқа да қонақтар қатысты.