Түркияның Анкара қаласында Абай күні аталып өтті!

Түркияның Анкара қаласында Абай күні аталып өтті!

2023 жылы 10 тамызда - Қазақтың Ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының туғанына 178 жыл толуына орай, Қазақстанның Түркиядағы Елшілігі, Анкара қаласының Кечиөрен муниципалитеті, Көк ту Қазақ мәдениеті қоғамы, жергілікті тұрғындар және Қазақстандық азаматтардың қатысуымен Абай ескерткішінің алдында рухани-тағылымдық іс-шара өтті.
Іс-шараның барысында Қазақ және Түрік жастары Абайдың «Желсіз түнде жарық ай», «Айттым сәлем, Қаламқас», «Қараңғы түнде тау қалғып» әндерін шырқап, қара сөздер мен өлеңдерін оқыды.
Анкара қаласының өзінде ғана Абай атамызға үш ескерткіш орнатылған. Бұл екі ел арасындағы ынтымақтастың жоғары деңгейінің айқын көрінісі.