Астана мен Анкара рейстері кеңейтілді

Астана мен Анкара рейстері кеңейтілді

2023 ж. 23 мамырда Қазақстанның Түркиядағы Елшісі Еркебұлан Сапиев «Fly Arystan» әуе компаниясының Астана мен Анкара арасындағы алғашқы рейсінің тұсау кесеріне қатысты.

Іс-шарада «Fly Arystan», Түркияның Азаматтық авиация және Есенбоға әуежайының «TAV» басшылығы, ТР СІМ және БАҚ өкілдері, студенттер, сондай-ақ Астанадан ұшып келген жолаушылар да орын алды.

Жаңа рейс екі ел арасындағы сауда-экономикалық және мәдени қатынастардың дамуына серпін беретін болады.

Астана-Анкара-Астана бағыты бойынша рейстер әр сейсенбі және сенбі күндері ұшатын болады.