Қазақстан Елшісі Түркияның Жастар және спорт министрімен кездесті

Қазақстан Елшісі Түркияның Жастар және спорт министрімен кездесті

2023 жылғы 22 наурызда Қазақстанның Анкарадағы Елшісі Еркебұлан Сапиев Түркия Республикасының Жастар және спорт министрі Мехмет Мухаррем Касапоғлумен кездесті.

Кездесу барысында екіжақты ынтымақтастықты кеңейту мүмкіндіктері талқыланды.

М.Касапоғлу ү.ж. 6 ақпанда Түркияда орын алған жойқын жер сілкінісі салдарынан зардап шеккен аудандарда жасалған құтқару жұмыстары мен Түрік халқына көрсетілген гуманитарлык көмек үшін Қазақстанға алғыс білдірді.

Сонымен қатар, екі елдің арасындағы қарым-қатынастардың жоғары денгейін және Қазақстанмен өзара іс-қимылға әрдайым басымдылық беріп отырғанын атап өтіп, Мемлекет басшыларының тапсырмаларына сәйкес, өз кұзыретіне жататын бағыттарда әріптестікті нығайту бойынша қазақ тарапымен тұрақты түрде жұмыс жүргізіп отырғанын айтты.

Түрік министрі Түркияның жастар саясаты және спорт салалары бойынша мол тәжірибе жинақтағанына және Қазақстанның да бұл бағыттарда маңызды қадамдарды жасап отырғанына назар аударып, одан әрі де тәжірбие алмасуға дайын екенін мәлімдеді.