
Құрметті отандастар!
2023 жылғы 19 наурызда (жергілікті уақыт бойынша 07.00-ден 20.00-ге дейін) Қазақстан Республикасының Түркиядағы Елшілігінің жанындағы № 286 сайлау учаскесінде ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауына дауыс беру өтетінін хабарлаймыз.
№ 286 сайлау учаскенің мекенжайы: Анкара қаласы, Кылыч Али көшесі, 6 ғимарат, Оран ауданы. Егер Сіз дауыс беру күні 18 жасқа толған және белсенді сайлау құқығына ие Қазақстан Республикасының азаматы болсаңыз, Сіздің Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарын сайлауға қатысып, дауыс беруге құқықтық негізіңіз бар. Сіздің сайлауға қатысуыңызға конституциялық құқықтың кепіліңіз – сайлаушылар тізіміне енгізілуіңіз болып табылады.
№ 286 сайлау учаскесіндегі сайлаушылар тізіміне осы ел аумағында уақытша немесе тұрақты тұратын және қолданыстағы Қазақстан Республикасы азаматының паспорты бар барлық азаматтар енгізіледі.
Өзін сайлаушылар тізіміне енгізу үшін Түркия аумағындағы әрбір ҚР азаматының өзіне қатысты деректерді (аты-жөні, ЖСН, тұратын мекенжайы, байланыс деректері) a.mazhitov@mfa.kz электрондық поштасына «Сайлау-2023» тақырыбымен алдын ала жіберудің қажеттілігіне назар аударамыз.
Сайлауда дауыс беру кезінде Қазақстан Республикасы азаматының паспортын немесе жеке куәлігін сайлау комиссиясына көрсету міндетті.