Қазақстандықтар Түркияда зілзаладан зардап шеккендерге 100-ден астам киіз үйді жібереді

Қазақстандықтар Түркияда зілзаладан зардап шеккендерге 100-ден астам киіз үйді жібереді

           Анкара, 2023 жылы 10 ақпан - Қазақстандықтар Түркияның Оңтүстік-Шығыс аймақтарында зілзаладан зардап шеккендерге гуманитарлық көмек ретінде 100-ден астам киіз үйді жолдауды жоспарлауда.

        Гуманитарлық көмекті ұйымдастырушы Нұрбек Бекбау қазақстандықтардың 20 млн теңгеден астам қаражат жинағанын және жиналған қаржыға 50-ден астам киіз үй сатып алынғанын хабарлады.

        Сонымен қатар, қазақастандық кәсіпкерлер тарапынан 50 киіз үй сатып алынған.

         Қазіргі таңда барлығы 120 киіз үйді Түркияға жолдау үшін дайындық жұмыстары жүргізілуде.