
Анкара, 2023 ж. 8-ақпан - Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен Түркиядағы жер сілкінісінен зардап шеккендерге қосымша көмек көрсету үшін ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің 56 адамнан тұратын екінші эшелоны қажетті іздестіру-құтқару құрал-жабдықтары тиелген ұшақпен Астанадан Түркияның Газиантеп қаласына келіп жетті.
Қазақстан Елшілігінің ұйымдастыруымен ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің ұшағымен 64 адам, оның 42-сі Қазақстан және 22-сі Қырғызстан азаматы Астанаға қайтарылды. Елге қайтарылған азаматтар Газиантеп, Мерсин, Кахраманмараш, Диарбакыр, Шанлыурфа және Элязык провинцияларынан келген.