Қазақстандық құтқарушылар мен дәрігерлер Түркияға ұшып келді

Қазақстандық құтқарушылар мен дәрігерлер Түркияға ұшып келді

        Анкара, 2023 ж. 7 ақпан - Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі мен Республикалық жедел-құтқару жасағының арнайы техникалық жабдықтарымен бірге 41 адамнан тұратын халықаралық дәрежедегі құтқарушылар мен дәрігерлер Алматыдан Түркияның Газиантеп провинциясының әуежайына ұшып келді. Түркияның Оңтүстік-Шығыс аймағында орналасқан 10 провинцияда кеше жойқын жер сілкінісі болды.

        Қазақстандық құтқарушылар өздерімен бірге арнайы жабдықтар, құтқару көліктері түріндегі техникалар, сондай-ақ медициналық жабдықтар, пневматикалық модульдік шатырлар, гидравликалық құтқару құралдары және министрліктің арнайы кинологиялық топтары – қызметтік құтқарушы иттерді алып келді.

       Құтқарушы топ бірден апат аймағына аттанды.