Анкарада транзиттік-көліктік бағыттарды әртараптандыру талқыланды

Анкарада транзиттік-көліктік бағыттарды әртараптандыру талқыланды

       Қазақстанның Түркиядағы Елшісі Еркебұлан Сәпиев Түркия Көлік және инфрақұрылым министрі Әділ Қараысмайылоғлумен кездесіп көлік саласындағы ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен перспективаларын талқылады.

      Түрік министрі Қазақстанмен көлік саласында ынтымақтастыққа аса мән беретінін мәлімдей отыра, Қазақстан, Әзербайжан, Грузия, Түркия форматында 2022 жылғы қарашада Ақтауда өткен Сыртқы істер және көлік министрлері кездесуінің нәтижелерін құптай отырып, бұл бағытта жұмысты жалғастыру қажеттілігін атап өтті.

       Оған қоса, екі ел арасындағы әуе байланыстардың одан әрі дамыту қажеттілігі атап өтілді. 2022 жылы екі ел арасында әуе байланыстар екі еседен артық ұлғайды. Алғаш рет астаналар арасында және Алматы-Анкара рейстері ашылды. 2023 жылы Ақтау-Анкара және Шымкент-Анкара тікелей әуе рейстерін ашу және ағымдағы рейстердің жүйелілігін арттыру жоспарлануда.