
2022 жылғы 3-5 қараша аралығында Қазақстанның Түркиядағы Елшісі Еркебұлан Сапиев Денизли және Афьон қалаларына іс-сапармен барды.
Сапар барысында Денизли провинциясының тарихында тұңғыш рет орын алып отырған Қазақстанның құрметті консулдығының салтанатты түрде ресми ашылуы өткізілді.
Іс-шараға қатысқан қонақтар Денизли аймағы мен Қазақстан арасындағы бауырластық ынтымақтастықтың одан әрі табысты дамуына сенімді екендіктерін жеткізді. Сондай-ақ, Денизли қаласында өңірдің Губернаторы Али Фуат Атик және Мэрі Осман Золан, Памуккалие Университетінің ректоры проф. док. Ахмет Кутлухан және Афьондағы Хожаттепе университетінің ректоры проф. док. Мехмет Каракаш мырзалармен сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық және ғылым салалардағы ынтымақтастықты кеңейту мәселелері сөз болды.
Сонымен қатар, Елші Е.Сапиев Денизли және Афьон қалаларындағы жоғары оқу орындарында білім алып жүрген 250-ге жуық қазақстандық студенттермен кездесіп, оқу барысы және тұрмыстық жағдайларымен танысты.
Сапар аясында екі өңірде жұмысты істейтін жетекші компаниялармен Қазақстанда инвестициялық жобаларды іске асыру мәселесін талқылап, кабель, мәрмәр және сусындар өндірістерін елімізде құруды пысықтауға қатысты келісімдерге қол жеткізілді.