Қазақстан Республикасының Түркия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Е.Сапиев Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің Төрағасы М.Шентоппен кездесті

Қазақстан Республикасының Түркия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Е.Сапиев Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің Төрағасы М.Шентоппен кездесті

       Анкара, 2022 жылғы 20 қазан – Қазақстанның Түркиядағы Елшісі Еркебулан Сапиев Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің Төрағасы Мұстафа Шентоптың қабылдауында болды.

       Кездесу барысында Елші екіжақты қатынастар, дипломатиялық қатынастардың 30 жылдығы шеңберінде атқарылған жұмыстар, сондай-ақ парламентаралық ынтымақтастық мәселелері мен перспективалары талқыланды.

       М.Шентоп өз кезегінде Қазақстан-Түркия парламентаралық қатынастарға жоғары баға беріп, ү.ж. 20 қарашада жоспарланған Президенттік сайлауларда сәттілік тіледі және түрік депутаттары бақылаушы ретінде ТүрПА атынан қатысатынын хабарлады.