Анкарада Қазақстан мен Түркия арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толуына арналған брифинг өтті

Анкарада Қазақстан мен Түркия арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толуына арналған брифинг өтті

Анкара, 2022 жылғы 19 қазан - Қазақстан Елшілігінде Қазақстан Республикасының Түркия Республикасындағы Елшісі Еркебұлан Сәпиев Қазақстан мен Түркия арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толуына орай брифинг өткізді.                Іс-шараға Түркия Республикасының Ұлы Ұлттық мәжілісінің бірқатар депутатттары,              ТР Сыртқы істер министрлігінің өкілдері, Анкарадағы дипломатиялық өкілдіктердің Елшілері, жергілікті жоғары білім беру орындары мен Стратегиялық зерттеу орталықтарының басшылары және жергілікті БАҚ өкілдері қатысты.

Брифинг Қазақстан мен Түркия арасындағы түрлі саладағы ынтымақтастығының жай-күйі мен даму перспективалары, сондай-ақ Қазақстандағы саяси және әлеуметтік-экономикалық реформаларға және Қазақстан мен Түркия арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың 30 жылдығына арналды.