Қазақстанның Елшісі ТИКА басшысымен кездесті

Қазақстанның Елшісі ТИКА басшысымен кездесті

2022 жылғы 7 қазанда Қазақстан Республикасының Анкара қаласындағы Елшісі Еркебұлан Сәпиев Түрік ынтымақтастық және үйлестіру агенттігінің (ТИКА) басшысы Серкан Каялармен кездесті.

С.Каялар ТИКА-ның қызметі туралы толық ақпарат беріп, Қазақстанда жүзеге асырылған және жоспарланып отырған жобаларға тоқталды. Сонымен қатар, ТИКА басшысы «KazAid» құрылуын қуанышпен қабылдағанын және осы ұйыммен өзара іс-қимылды дамытуға қызығушылық танытатынын айтты.

Елші Е.Сәпиев Қазақстанның ТИКА-мен жан-жақты ынтымақтастықты кеңейтуге және денсаулық сақтау, білім беру, медиа және тағы басқа салаларда елеулі ортақ жобаларды елімізде жасауға дайын екенін жеткізді.