Түркияның Эскишехир қаласында Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктері талқыланды

Түркияның Эскишехир қаласында Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктері талқыланды

Анкара, 2022 жылғы 19 қыркүйек – Қазақстанның Түркиядағы Елшісі Еркебұлан Сәпиев әлеуетті түрік инвесторларымен келіссөздер жүргізу мақсатында Ескишехир провинциясына жұмыс сапарымен барды.

 

Елші Ескишехир провинциясының өнеркәсіптік аймағының жұмыстарымен, оның ішінде инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету, оқыту және рұқсат беру бойынша кәсіпкерлерді қолдау тетіктерімен танысты.

 

Түркияның 500-топтық ірі өнеркәсіптік кәсіпорындарының қатарына кіретін провинциядағы 10 жетекші компаниямен кездесулер өтті.

 

Құрылыс материалдары, азық-түлік, пластмасса бұйымдары, тұрмыстық техника және алюминий бұйымдары өндірісіндегі инвестициялық ынтымақтастықтың мүмкіндіктері талқыланды.

 

Әлеуетті инвесторлар Қазақстанда еденді жылыту жүйелерін жасау және алюминий өнімдерін өңдеу бойынша жобаларды жүзеге асыру мүмкіндіктерін қарастыруға қызығушылық танытты.