
Анкара, 2022 жылғы 20 қыркүйек - Қазақстан Республикасының Түркия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Еркебұлан Сәпиев Түркия Республикасының Мәдениет және туризм министрі Мехмет Нури Ерсоймен кездесу өткізді.
Кездесу барысында мәдениет және туризм салаларындағы екіжақты ынтымақтастықты кеңейту мүмкіндіктері мен жолдары талқыланды.
Елші Е.Сәпиев Қазақстанда бұл салаларда салаларды дамыту үшін жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы ақпарат беріп, тәжірибе алмасу бағытын нығайту қажеттілігіне назар аударды. Сонымен қатар, ҚР Елшісі мәдениет саласында екіжақты қатынастарды жандандыру бойынша нақты ұсыныстар жасады.
Түркияның Мәдениет және туризм министрі М.Н.Ерсой Қазақстанмен қарым-қатынастарды нығайтуға бағытталған барлық бастамаларды толық қолдайтынын және екі ел арасында жан-жақты тәжірибе алмасуға дайын екендігін мәлімдеді.