Газиантептік инвесторларға Қазақстанда жаңа мүмкіндіктер ұсынылды

Газиантептік инвесторларға Қазақстанда жаңа мүмкіндіктер ұсынылды

Қазақстанның Түркиядағы Елшісі Еркебұлан Сәпиев Қазақстан экономикасына жаңа түрік инвесторларын тарту мақсатында Газиантеп провинциясына барды.

Газиантеп провинциясында 24 ірі компаниялармен, атап айтқанда кілем өндірісі, тоқыма материалдары, ет және сүт өнімдері, қалдықтарды өңдеу, мұнай-химия өнеркәсібі, азық-түлік, халық тұтынатын тауарлар өндірісі секторында кездесулер өтті.

Сапар нәтижесінде Газиантеп әлеуетті инвесторлардың үштен бір бөлігі Қазақстанмен инвестициялық ынтымақтастыққа оң көзқараста және алдағы айларда жобаларды белсенді түрде әзірлеуді бастау үшін Қазақстан қалаларына баруға ниеттерін білдірді.

Газиантептік кәсіпкерлердің айрықша ерекшелігі - олардың географиялық нарықтық кеңістікті кеңейтуге деген ұмтылысы және жаңа нарықтарды игеруге деген мақсаттарының айқындығы.