Қазақстанның Елшісі Түркия Дін істері басқармасының төрағасымен кездесті

Қазақстанның Елшісі Түркия Дін істері басқармасының төрағасымен кездесті

       2022 жылғы 17 тамызда Қазақстан Республикасының Түркия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Еркебұлан Сапиев Түркия Республикасы Дін істері басқармасы төрағасы Али Ербашпен кездесу өткізді.

       Кездесу барысында дін саласындағы екіжақты ынтымақтастық, Түркі мемлекеттері ұйымы аясында көпжақты ынтымақтастық пен Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII Съезіне дайындық мәселелері талқыланды.

       Түркия Дін істері басқармасының төрағасы А.Ербаш ү.ж. 13-15 қыркүйек аралығында Нұр-Сұлтан қаласында өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII Съезіне қатысатынын хабарлады.