Республикалық референдум өткiзу туралы

Республикалық референдум өткiзу туралы

Құрметті отандастар!

2022 жылғы 5 маусымда (жергілікті уақыт бойынша 07.00-ден 20.00-ге дейін) Қазақстан Республикасының Түркия Республикасындағы Елшілігінің дауыс беруге арналған сайлау учаскесінде ҚР Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу мәселесі бойынша республикалық референдум өтеді.

🔷 Қазақстан Республикасының Түркия Республикасындағы Елшілігі, № 286-сайлау учаскесі, мекен-жайы: Анкара қ-сы, Оран ықшам ауданы, Кылыч Али көш. № 6.

🔷 Қазақстан Республикасының Ыстанбұл қаласындағы Бас консулдығы, № 255 Сайлау учаскесі, мекен-жайы: Йешилюрт ауданы, Башак көш. 35, Бакыркөй, Ыстанбұл

🔷 Қазақстан Республикасының Анталья қаласындағы консулдығы, 296-шы сайлау учаскесі, мекен-жайы: Анталья қаласы, Муратпаша ауданы, Чағлаян шағын ауданы, 2074 көшесі, No16, С блогы, Лайф Сити ситесі.

Референдум өткізу туралы тиісті Жарлыққа Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ү.ж.                      5 мамырда қол қойды.

Бұл өзгерістер еліміз үшін тағдыршешті мәнге ие. Ата заң баптарының үштен бірі өзгереді. Сондықтан Мемлекет басшысы бұл мәселені республикалық референдумға шығаруды ұсынды – еліміз үшін мұндай маңызды өзгеріс бүкіл халықтың шешімімен жүзеге асырылуға тиіс.

Қазақстанның 18 жасқа толған және белсенді сайлау құқығына ие әрбір азаматының республикалық референдумға қатысуға конституциялық құқығы бар.

Сіздің аты-жөніңіздің республикалық референдумға қатысу құқығы бар азаматтардың тізімінде болуы осы құқығыңызды жүзеге асыруға кепілдік береді.

Қазақстан Республикасының Түркия Республикасындағы Елшілігінің дауыс беруге арналған учаскесінің тізіміне болу елінде тұрақты немесе уақытша тұратын және қолданыстағы Қазақстан Республикасы азаматының паспорты бар барлық азаматтар енгізіледі.

        Құрметті азаматтар!

Республикалық референдумға қатысу құқығы бар азаматтардың тізіміне енгізу үшін Түркия Республикасы аумағындағы әрбір азамат өзіне қатысты деректерді (аты-жөні, ЖСН, Түркияда тұратын мекенжайы, байланыс деректері) kzankarakonsolos@gmail.com  электрондық мекенжайға «Референдум-2022» белгісімен алдын ала жіберу қажет.

Референдум күні өзіңізбен бірге Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжаты болуы тиіс. Қосымша ақпаратты Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының www.election.gov.kz веб-сайтында табуға болады.

Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда келесі телефон нөмірлері арқылы хабарласуды сұраймыз:

0(312) 491 91 00 Анкара

0(212) 662 53 47 Ыстанбұл

0(242) 324 26 11 Анталья