Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі (Парламент) Төрағасы Мұстафа Шентоп Қазақстан Республикасы Парламенті Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев пен Мәжіліс Төрағасы Ерлан Қошановты Ораза айт мерекесімен құттықтады.

Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі (Парламент) Төрағасы Мұстафа Шентоп Қазақстан Республикасы Парламенті Сенат Төрағасы  Мәулен Әшімбаев пен Мәжіліс Төрағасы Ерлан Қошановты Ораза айт мерекесімен құттықтады.

Ү. ж. 3 мамырда Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенат Төрағасы  М.Әшімбаевпен  Түркия Парламенті Төрағасы М.Шентоп телефон арқылы сөйлесті.

Сұхбат барысында М.Шентоп Қазақстан - түрік халқы үшін ерекше орынға ие екенін атап өтті. Сондай-ақ, тараптар өзара құттықтаулардан кейін, екі бауырлас елдің парламентаралық ынтымақтастығы мен елдегі соңғы саяси және аймақтық күн тәртібіндегі мәселелерді талқылады.

Ү. ж. 4 мамырда Қазақстан Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Ерлан Қошановтың Түркия Парламентінің  Төрағасы М. Шентоппен телефон арқылы сұхбаты өтті.  Тараптар екі елдің достық топтары арасындағы ынтымақтастық пен өзара әрекеттесуді одан әрі арттыруға уағдаласты.

Телефон сұхбаты Түркия тарапының бастамасымен ұйымдастырылды.