
Атаулы шараға, Кония губернаторы Вахдеттин Өзкан, Конияның Бас прокуроры Рамазан Солмаз, қала мэрінің міндетін атқарушысы Мустафа Узбан, саяси партиялардың провинциядағы басшылары, сыйлы тұлғалар мен қазақ диаспорасының өкілдері және отандастарымыз қатысты.
Рәсімнің ашылуында сөз сөйлеген Қазақстанның Түркиядағы Елшісі Абзал Сапарбекұлы, Қазақстан мен Түркия арасындағы ынтымақтастықтың күн артып нығайып жатқанын мәлімдеді. Екі ел арасындағы өзара сауда межені 10 млрд. долларға жеткізу тұрғысынан құрметті консулдардың рөлінің зор екенін атап өтті.
Өз кезегінде, ҚР Кония қаласындағы Құрметті консулы Мұстафа Кабакчы, бұл атаққа лайық деп тапқан Қазақстан Президенті Қасым- Жомарт Тоқаевқа алғыс айтып, екі ел арасында ынтымақтастықты одан әрі арттыру үшін барлық күш жігерін жұмылдыратынын айтты. Сөзінше, консулдық ғимаратында Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктері танытылып, Қазақ жастарының бірлігі құрылады.
Шара соңында, Елші Абзал Сапарбекұлы, Мұстафа Кабакчыға домбыра тарту етіп, казақтың қоңыр дауысының кеңседен үзілмеуіне тілектестік білдірді.
Айта кеткен жөн, Кония - Түркияның көлемді бойынша ең ірі провинциясы. Кезінде Селжұқ мемлекетінің астанасы болған тарихи шаһар.