
2022 жылғы 1 наурызда Қазақстанның Түркиядағы Елшісі Абзал Сапарбекұлы Қазақстан мен Түркия арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толуына орай, Анкара қаласында Түркиядағы БАҚ өкілдерінің қатысуымен арнайы брифинг өткізді.
30 жыл ішінде Қазақстан мен Түркия арасындағы жолға қойылған сындарлы диалог пен екіжақты ынтымақтастықтың тұрақты жоғары деңгейін сақтап қана қоймай, жыл сайын тереңдей түскеніне назар аударған А.Сапарбекұлы, өз сөзінде осы уақыт ішінде саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық, мәдени-гуманитарлық, әскери және көлік-логистикалық салалардағы ынтымақтастықтың жоғары деңгейін қанағаттанушылықпен атап өтті. Сонымен қатар Елші екі елдің өңірлік және халықаралық ұйымдар аясындағы ықпалдастығын жоғары бағалады.
Брифинг барысында сауда-экономикалық ынтымақтастық аспектілеріне тоқталған Елші, 1992 ж. 30 млн.долл. басталған екіжақты сауда айналымының 2021 ж. қорытындылары бойынша рекордтық көрсеткішке — 5 млрд. долл. жеткенін хабарлады. Дипломат Қазақстан мен Түркия арасындағы сауда айналымының бұдан да жоғары көрсеткіштерге жететініне, соның ішінде сауда көлемін 10 млрд. межесіне жеткізу жөніндегі екі мемлекет басшысының мақсаттарын алдағы уақытта жүзеге асырылатынына сенім білдірді. Қазіргі таңда Түркия Қазақстанның бес ірі сауда әріптестерінің бірі болып табылатынын айта кеткен жөн.
Елші Қазақстанның Тәуелсіздік жылдарында Түркиядан ел экономикасына 5 млрд. долл. шамасында тікелей инвестиция тартылғанын, ал Қазақстанның Түркияға 1 млрд. долл. инвестиция салғанын жеткізді. Түркиядан жыл сайынғы негізде үш жыл қатарынан (2019 жылы – 358 АҚШ доллары). миллион, 2020 жылы – 363 миллион доллар, 2021 жылдың 9 айында – 535 миллион доллар) рекордтық инвестиция көлемі тартылып жатқанының астын сызған А.Сапарбекұлы, мұны түрік инвесторларының Қазақстанға деген жоғары сенімінің көрсеткіші ретінде бағалады.
Қазақ Елшісі коронавирус пандемиясына және жаһандық экономикалық дағдарысқа қарамастан, 2020-2021 жж. Қазақстанда түрік инвесторларының қатысуымен 15 жаңа инвестициялық жоба іске қосылып, 27 жоба іске асырылып жатқанын және 65 жаңа перспективалық жоба пысықталу кезеңінде екенін бөлісті.
Елші Мемлекет басшылары төрағалық ететін ҚР-ТР арасындағы Жоғары деңгейдегі стратегиялық ынтымақтастық кеңесі, Қазақстан Премьер-Министрі мен Түркия Вице-Президентінің төрағалығындағы Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Үкіметаралық комиссия, сондай-ақ Сыртқы істер министрлері жетекшілік ететін Бірлескен стратегиялық жоспарлау тобы іспеттес ынтымақтастық механизмдерімен қатар басқа да ведомствоаралық жұмыс топтарының екі ел арасындағы ынтымақтастықты нығайтудағы бірегей рөлінің астын сызды.
2022 жылғы 24 ақпанда Түркияның Сыртқы істер министрі М.Чавушоғлудың Қазақстанға ресми сапар жасағанын атап өткен Елші, 2022 ж. 3-5 наурызда ҮЭК 12-ші отырысына қатысу мақсатында Түркия Вице-президенті Фуат Октайдың Қазақстанға жұмыс сапары жоспарланып отырғанын жөнінде хабардар етті. Бұл сапарлар Қазақстан мен Түркия Мемлекет басшыларының жоспарланып отырған өзара ресми сапарларына дайындық аясында өткізілуде.
Баспасөз конференциясы барысында Қазақстан Елшісі қатысушыларды Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан» тұжырымдамасы шеңберіндегі саяси, экономикалық және әлеуметтік салалардағы реформалармен таныстырды. А.Сапарбекұлы 2019 ж. маусымда Қазақстан Президенті болып сайланғаннан кейін, Қ.Тоқаевтың елде қоғамды демократияландыру мен жаңғыртуға бағытталған маңызды саяси реформаларды қабылдап, оның ішінде бейбіт жиналыстар туралы заң қабылдау, сайлау туралы конституциялық заңға өзгерістер сияқты басқа да маңызды шаралар жүзеге асырылғанын атап өтті.
Сондай-ақ А.Сапарбекұлы Қ.Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан» тұжырымдамасына сәйкес төрт негізгі бағытқа басымдық берілгенін мәлімдеді. 1-ші бағыт - еркін және бәсекеге қабілетті нарықтық экономикалық жүйені жетілдіру; 2-ші бағыт - сыбайлас жемқорлықпен күрес; 3-ші бағыт - «Халыққа құлақ асатын мемлекет» қағидаттары аясында кәсіби мемлекеттік қызметті қалыптастыру; 4-ші бағыт - демократия мен адам құқықтары құндылықтарын қамтамасыз ету