Қазақстанның Түркиядағы Елшісі Абзал Сапарбекұлы Түркия Республикасы Президентінің Кеңсесі басшысы Хасан Доғанмен кездесті

Қазақстанның Түркиядағы Елшісі Абзал Сапарбекұлы Түркия Республикасы Президентінің Кеңсесі басшысы Хасан Доғанмен кездесті

Кездесуде Елші Абзал Сапарбекұлы Хасан Доғанға Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев атынан ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы құрметіне арналған мерекелік медальді табыстады.
Елші Абзал Сапарбекұлы Хасан Доғанға екі ел арасындағы ынтымақтастықтың одан әрі дамуына қосқан үлесі үшін алғысын білдірді. Өз кезегінде Хасан Доған Қазақстан мен Түркия бауырлас ел болуымен қатар, стратегиялық әріптестер екендігін атап, екі ел байланыстарының одан әрі дамуының маңыздылығына тоқталды.
Кездесу барысында тараптар алдағы уақытта жоспарланған екі ел мемлекет басшыларының сапарларын талқылады. Сапарлардың уақыты дипломатиялық арналар арқылы күнтәртібіне енгізілетіндігі туралы келісілді.