Қазақстанның Түркиядағы Елшісі Абзал Сапарбекұлы жұмыс сапарымен Түркияның Ыстанбұл қаласына барды. Жұмыс сапары барысында 26-27 мамыр аралығында «Altinbas Holding», «Kibar Holding», «Yildirim Holding», «Otokar», «Kazanci Holding», «Nobel», «Renesco Holding» сияқты түрік холдинг пен компания өкілдерімен кездесті.
Кездесу барысында Елші келіссөздері жүріп жатқан инвестициялық жобалар пысықталды.
26 мамырда Алтынбаш Холдинг басшылығымен кездесті. Кездесу барысында, «Тау-Кен Самрұқ» А.Қ. мен бірлесіп Нұр-Сұлтан қаласында зергерлік бұйымдар өндірісін жолға қою мәселесі талқыланды.
27 мамырда Елші Абзал Сапарбекұлы Кибар Холдинг басшысы Али Кибармен кездесті. Кездесуде Али Кибармен Қазақстанда жүзеге асырылуы жоспарланған жобалар талқыланды. Сондай-ақ, жобаның қаржылық моделі мен өнімді тасымалдауды субсидиялау, өнімділікті арттыру жөніндегі шаралар тілге тиек болды.
Елші Абзал Сапарбекұлының Отокар компаниясының бас директоры Сердар Гергучпен кездесу барысында Қазақстанда бірлескен кәсіпорын құрылысының пайдасы қарастырылды.
Елші Түркияның Нобел компаниясының басшысы Хасан Улусой кездесуде Алматы қаласында екінші фармацевтикалық зауыт салу туралы жоспарлары әңгімеге арқау болды.
Ренеско Холдингі директорлар кеңесінің төрағасы Башар Беязоглу кездесуде Ақмола облысында қуаты 4,95 МВт биогаз электр станциясын салу жөніндегі жоба талқыланды.
Аталған кездесулерге Елші Абзал Сапарбекұлымен бірге ҚР Ыстанбұл Бас конулы Әлім Бәйел қатысты.