28 мамырда Қазақстан Республикасының Түркия Республикасындағы Елшісі Абзал Сапарбекұлы түрік холдингтері «TAV Holding», «Sanko Holding», «Akpen Plastik», «Eczacibasi Yapi Gerecleri», «Ekol Corap», «Gedik Holding» өкілдерімен кездесті.
TAV Holding директорлар кеңесінің төраға орынбасары Серкан Каптанмен өткен кездесуде Елші Абзал Сапарбекұлы холдингтің Алматы әуежайы жайы инвестициялық жобасының қазіргі жағдайымен жан-жақты танысты.
Елші Абзал Сапарбекұлы Sanko Holding директорлар кеңесінің төрағасы Зеки Конукоглумен
өткен кездесу барысында, картоп крахмалы, құс еті, соя, қант, күнбағыс майы, тұрмыстық химия, алюминий өнімдері, медициналық мақсаттағы бұйымдардың өндірісі сияқты жобаларды Қазақстанда жүзеге асыру мүмкіндігі қарастырылды.
Akpen Plastik компаниясының басшысы Аднан Кефлиоглумен кездескен Елші
Абзал Сапарбекұлы Қазақстандағы жұмыс істеп жатқан зауыттың жағдайы туралы ақпарат алды.
Eczacibasi Yapi Gereçleri компаниясының директоры Өзген Өзканмен болған кездесуде, Қазақстанда сантехникалық өнімдердің өндірісі талқыланды.
Елші Абзал Сапарбекұлы Ekol Çorap компаниясының басшысы Өзден Кочакпен Қазақстанның Шымкент қаласында жоспарланған инвестициялық жобаның бүгінгі таңдағы жағдайын талқылады.
Елші Абзал Сапарбекұлы Gedik Holding директорлар кеңесінің басшысы Хулия Гедикпен кездесті. Кездесу барысында, Қазақстанда электрод өндірісі мүмкіндіктерімен таныстырды.
29 мамырда Елші Абзал Сапарбекұлы Çalık Holding басшысы және ҚР-ның Бурса қаласындағы Құрметті Консулы Ахмет Чалыкпен кездесті. Кездесуде Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктері тілге тиек болды. Сондай-ақ Елші ҚР-ның Бурса қаласындағы құрметті консулдығының жұмыстарымен танысты. Алдағы уақытта елшілікпен жүргізілуі жоспарланған жобалар талқыланды.
Кездесулерге Елшімен қатар ҚР Ыстамбұлдағы Басконсулы Әлім Бәйел де қатысты.