Қазақстанның Түркиядағы Елшісі Албанияның Түркиядағы Елшісімен кездесті.

Қазақстанның Түркиядағы Елшісі Албанияның Түркиядағы Елшісімен кездесті.
            2021 ж. 19 мамырда Қазақстанның Түркиядағы, сонымен қоса Албаниядағы Елшісі Абзал Сапарбекұлы өзінің албаниялық әріптесі К.Робомен кездесті.
            Басқосуда А.Сапарбекұлы Албанияның Елшісін 2021 ж. 25 сәуірде өткен парламенттік сайлаумен құттықтап, екіжақты достық әрі сенім нысанында қалыптасқан ынтымақтастық бұдан ары қарқынды жалғасатынына сенім білдірді.
            Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Албания арасындағы қарым-қатынастардың ахуалын талқылады. Атап айтқанда, екі елдің парламенттері мен астаналық әкімдіктері арасындағы ынтымақтастық, шарттық-құқықтық базаны кеңейту мәселелері қарастырылды. Сондай-ақ, елшілер халықаралық ұйымдар шеңберіндегі жағдайлар бойынша да пікір алмасты.