В Анкаре наградили депутата Великого Национального Мажилиса Турции, спасшего казахстанского младенца

В Анкаре наградили депутата Великого Национального Мажилиса Турции, спасшего казахстанского младенца
Ү.ж. 18 мамырында Қазақстанның Түркиядағы Елшісі Абзал Сапарбекұлы өткен наурыз айында ұшақта қазақстандық сәбиді құтқарған ТР Ұлы Ұлттық Мәжілісінің депутаты Реджеп Шекерге Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Құрмет грамотасын табыстады.
Марапаттау рәсімі Анкара қаласындағы Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің ғимаратында өтті. Іс-шараға Елші Абзал Сапарбекұлы, депутат Реджеп Шекермен бірге бірқатар депутаттар қатысты.
Өз сөзінде Елші Абзал Сапарбекұлы Ұлы Абайдың «Өзің үшін еңбек қылсаң, өзі үшін оттаған хайуанның бірі боласың; адамдықтың қарызы үшін еңбек қылсаң, Алланың сүйген құлының бірі боласың» сөздерін еске сала келе Реджеп Шекердің жасаған абыройлы әркетіне рақметін айтып, Қасым-Жомарт Тоқаевтың алғыс хатын табыстады.
Өз кезегінде, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев атынан құрмет грамотасымен марапатталған Реджеп Шекер Мемлекет басшысына марапаты үшін терең алғысын білдірді. Президенттен алған Құрмет грамотасын қазақ халқынан алған алғыс ретінде қабылдайтынан айтты.
Депутат өз сөзінде осындай көрсетіліп отырған құрметтің алдағы уақытта бауырластыққа негізделген екі жақты қарым-қатынастың одан әрі дамуына сүбелі үлес қосуына түрткі болатындығына тоқталды.
Сөзінің жалғасында енді өзінің жанұясында екі қазақ қызы бар екендігін жеткізген Реджеп Шекер болашақта бұл қыздарымыз мүмкін дәрігер болады деген ақ тілегін білдірді.
Айта кеткен жөн, Реджеп Шекер – ТҰҰМ-нің Қараман қаласында сайланған депутаты. Қараман қаласы Түркияның маңызды сауда, мәдени және өнер орталығы болып саналады.